Ескі архив · 23.05.2012 23:46

Астаналық хакатон немесе хакерлер марафоны

20 мамыр куні Астана қаласында 24 сағаттық хакерлік марафон «Astana Hackathon» (hackathon=hack+marathon) өтті. Бұл марафонның мақсаты 24 сағаттың ішінде (ұйқтамай) IT-проект ойлап тауып соны іске асыру болатын. Ең жақсы идеяны ұсыну презентациясына сыйлық 1 млн теңге. Бұл жобаны жыл сайын «Astana Innovations» компаниясы іске асырып отырады. Сайысқа қатысқан 25 команда ішінен «Бампер 9» командасы 1-ші орын алып 1 млн теңге сертификатына ие болды. 2-ші орынды «Городской Ахтунг» және «Онлайн-приемная» командалары алды. Сыйлық 300 мың теңге. Ал қола жулдеге 200 мың. теңге ақшалай сыйлыққа «ЭЛВО» командасы ие болды. «Astana Innovations» компаниясының басқару орынбасары Өміржан Ташимованың айтуы бойынша жеңімпаз командалардың идеясы мемлекет тарапынан және «Astana Innovations» компаниясынан қолдау көріп әрі қарай жузеге асырылатын болады. Алдағы уақытта өз идеясын ұсынғысы келген жастар мына сайтқа кіріп өз өтініштеріңізді өткізе аласыздар. www.hackathon.kz/ P.S Інім 2 орынды иемденді Мен інімді мақтан тұтамын!
Авторы:
Shozhek

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту