Ескі архив · 24.05.2012 11:05

Кинопати-К немесе кино стиліндегі туған күн

26-мамыр, яғни сенбі күні туған күнімді тақырыптық бағытта атап өтуді жүн санап отырмыз. Біз деуімде де себеп бар: пати керекшілердің штаб-пәтері — Жалғастың үйінде өтеді. Құр жай ішіп-құсып кетуге де болатын еді. Бірақ, жыл он екі айдағы бір күнді өзге сенбілерден ерекше ету қажет деп шештік Киностан авторлары. Сонымен кеш киноға арналады. Атмосфера да сәйкес болуы үшін қонақтарға аздап талап бар: 1. Киноға қатысты бір нәрсе алып келу 2. Кино туралы байқау-сауалдарға дайын болу 3. Жалпы кинодан хабары болу (минимум: өмірінде кино көрген). Енді жоғарыдағы пункттерді түсіндірейін. Келгенде есік алдында күзетші болады. Егер кешке осы постты оқу арқылы келгеніңді білдіргің келсе, темада екеніңді дәлелдегің келсе киноға қатысты бір нәрсемен кел. Немен келсең де өзің білесің: Гарри Поттердің сиқырлы таяғын ұстап келесің ба, зомби секілді грим жағып келесің ба, танымал әртістің татиуровкасын денеңе салып келесің ба, Монро секілді ақ көйлек киіп келесің ба, жай ғана танымал актердің постерін не суретін принтерден шығарып әкелесің ба (бұл енді мүлдем ештеңе таба алмағанда), ниндзя болып келесің ба — сенің еркің. Тек киноға қатысты бірдеңемен кел. Талапты орындамаған адамға айыппұл: өзімен бірге ішімдік не дұрыс тіске басар (чечил, шемішке секілді құрт-құмырсқалар есепке алынбайды) алып келеді. Кеш барысында жүргізуші тарапынан түрлі байқаулар ұйымдастырылуы мүмкін. Соларға белсене қатысқандар құрметтеледі. «Оскарға» тән түрлі номинациялар болады деп үміттеніп отырмыз. Өтетін уақыты: 26-мамыр, 2012. Сағат 21-00. Кешікпеулерің сұралады. Өтетін жері: Алматы қаласы, Алмагүл, 3-ші үй, 49-пәтер. Жароков пен Ходжанов (Водозаборная) көшелерінің қиылысы Егер аулаға келіп, таба алмай жүрсеңдер Жалғас «e_zhalgas» Ертайға хабарласуға болады: +7 702 546 71 07 (Оған дейін мазаны алмаңдар, на) Келемін деушілерге есік ашық. Тек жоғарыдағы шарттар орындалсын. Пост әлі де толығуы мүмкін.
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту