Ескі архив · 24.05.2012 11:17

Үйсіз-күйсіз журналистер

Бермесең, бермей-ақ баспанаңды… 31 арнадағы Информбюро бағдарламасы, үйсіз журналистердің мәселесін көтермекші. Расында журналистер тұрғын үйге қатысты ешбір мемлекеттік бағдарламаға жатпайды, (тек жас отбасы болмаса), әдетте бойында ұлтына деген ықыласы мен энтузиазмы бар журналистер пәтерден-пәтерге көшіп, азғантай жалақысы мен газет-журналдарда, телеарналарда шапқылап жүреді… Жалпы аталған БАҚ-тың нары да, бары да солар, материал жазу үшін, шығару үшін ізденіп, ат шалдырып алысқа желіп, жалпы дайын мақала мен телерепортаждың ыстық-суығын көтеріп, төзіп жүретіндер де осы бауырларымыз. Осындай кейіпкерлерді шақырамыз!!! Маған личкоға хат жазса деген өтінішім бар… Өздеріңіз білетін осындай журналистер туралы жаза отырсаңыздар, алғыстан басқа айтарым жоқ!
Авторы:
vebred

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту