Ескі архив · 06.06.2012 00:46

Қош келдің, "қазақ эротикасы!"

сурет авторы Амангелді Бекмұратов Түсініктеме: Петропавл қаласындағы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының актерлері. Ғ.Мүсіреповтың "Қыз Жібек" сазды драма дастанын қою үстінде. Ел-жұрттың айтуынша осы Ғабеңнің драмасы ғасырлар бойы келе жатқан тарихи эпостың күл-талқанын шығарса керек. Яғни Жібек бейнесі — сұлулық пен әсемдіктің символы, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш. деген пікірді жоққа шығарып отыр. Өзім ол шығарманы оқымасам да, қойылымнан Бекежан батыр, Төлеген ақ жағалылардың тұқымы, байдың баласы болған. Ал Жібекті әркімнің қойынына бір жатып жүрген, байлыққа қызыққан «жүзекші» етіп көрсеткен сияқты. Тарихи эпосымызда жеті ғашық біреуге кеміп қалды деп зар илегім келіп отқан жоқ. Менің айтпағым ана сурет туралы. Тағы сыбыстар бүй дейді, сценарий бойынша белден ұстау керек болатын, «алмадан» ұстауды режиссер қойылымның алдында тапсырған екен. Актрисаның өзі білмеген. Сондықтан осындай режиссер күткендей эффект шыққан. Алайда бұл эффект әр көрерменге әрқалай әсер етті. Ақ жаулықты әже-аналар ойбайлап бетін жапты, ал жастардың сілекейі шұбырды. режиссердің осы кездегі әрекетін түсінбедім. Егер Жібекті соншалық жамандағысы келсе, Төлегеннің Бекежанға «ол менімен болып қойған» деген бір сөзіде жетіп жатыр. Ал егер "қазақ эротикасы" арқылы жастарды тартқысы келсе, ол да сәтсіз идея. Өйткені жастарға қарағанда театрға жиі баратын жасы үлкен көрермендерінен айрылып қалды. ПыСы: Меніңше сексті телеарналар ұсынатын кинолар арқылы көріп етіміз үйренгенімен, театр сахнасында жабайы болатын сияқты. Мәдени орта болғандықтан мәдениетті сақтау керек қой)))
Авторы:
FaraOn1

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту