Ескі архив · 12.06.2012 17:17

"Командная строка" немесе "cmd"

Cmd — көптеген мамандардың көмегіне келетін, көп деген бұйрықтарды беруге болатын шағын ғана бағдарлама. Бірақ бұйрықтардың көп болғандығынан, мен ішінен күнделікті өмірде көп қолданатын бұйрықтарды ғана теріп жазамын. Енді «Командная строка»-ны шығару үшін «Пуск» басамыз. Содан кейін «Выполнить». Ашылған терезеге «cmd» деп жазамыз. Сол кезде «Командная строка» терезесі ашылады. Төменде бұйрықтар тізімi ap — кез келген бағдарламаны белгіленген уақытта іске қосу attrib — Файлдардың және папкілердің атрибуттарын өзгерту blastcln — құрттарды кетіруге арналған утилити cd — папканы көру немесе өзгерту. Мысалы: cd С:\ copy — бір немесе бірнеше файлдарды көшіру cls — cmd-ның терезесін немесе экранын тазалау chkdsk — қатқыл дискті тексеру cipher — Файлдардың шифрлеу бағдарламасы date — қазіргі күнді көру және жаңасына өзгерту del — Бір немесе бірнеше файлдарды кетіру dir — Файлдардың немесе папкілердің тізімін шығару Мысалы: dir С:\ defrag — дефрагментатор expand — қысылған файлдарды шығару format — дискіні форматтау help — түсіндіруді қажет етпейді ipconfig — IP туралы ақпарат. Ал егер қасына /all қосатын болсаңыз толық мағлұмат аласыз. logoff — сеансты аяқтау msg — хат жіберу net send — хат жіберу pathping — pingпенен жол іздеуге арналған бағдарлама Мысалы: ping 127.0.0.1 ping — Көрсетілген мекенжайға пакеттердің жіберуі Мысалы: ping 127.0.0.1 proxycfg — проксиді жөндеу shutdown — компьютерді сөндіру немесе қайта қосу systeminfo — Жүйе кескіні туралы ақпарат алу taskkill — процесті күшпен тоқтату time — уақытты көрсету және өзгерту tracert — Көрсетілген түйіннің жолын көрсету Мысалы: tracert 127.0.0.1 winver — Windows-тың версиясы туралы ақпарат Мақала мына сайттан алынды.
Авторы:
Karlen

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту