Ескі архив · 15.06.2012 21:30

ART-алаң

Алматыда сегізінші маусымда «АРТ-алаң» деп аталатын жаңа әлеуметтік-мәдени жобаның тұсауы кесілді. Енді алдағы үш ай демалыста қаламыздың саябақтарында әуен, би, театр, кино, әдебиет пен сурет көрмесі, граффити, йога-шоуы, жәрменкелер мен балаларға арналған шығармашылық шебер класстары және басқада ойын-сауықтар өтететін болады. «АРТ алаң» мерекелік іс-шарасы: — 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ, Тұңғыш Президент саябағы және «Family» саябағында маусым айының 8/9/10, шілде айының 13/14/15, тамыз айының 24/25/26 жұлдыздарында өтеді. — Гүлдер саябағы, Сейфуллин атындағы саябақ және Шаңырақ ықшам ауданындағы №26 мектеп алаңында маусым айының 8/9/10, шілде айының 13/14/15, тамыз айының 24/25/26 жұлдыздарында өтеді. Басталуы: жұма сағат 20.00-де, сенбі сағат 18.00-де, жексенбі сағат 11.00-де. P.S. Материалдағы суреттер Константин Киквидзенің «Прогулка по легкому воздуху» атты көрмесінен.
Авторы:
rakisheva

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту