Шашыңызды күте білесіз бе?
«Игіліктің ерте-кеші жоқ» деп шаш күтіміне қатысты өз кеңестеріммен бөліскім келеді.
Суреттер интернеттегі әртүрлі сайттардан алынғанмен, оларға қатысты ойым өзімдікі. Сіздер де, әсіресе қыздар қауымы біле жүрсін деген ниетпен жазып отырмын.
"Қыздың көркі-шаш" деп халқымыз бекер айтпаған. Бір кездері қиыла-қиыла шолтиып, кейін қайта сәнге айналған орташа, ұзын шаштарды күтудің жолдары көп, қиындықтары да аз емес.
Төменде түрлі құралдарды сипаттай келе, шаш күтіміне өз көзқарасымды білдіремін.
Сонымен шампуньдер (сусабындар) парады:
Репейный шампунь — Ошаған сығындысымен дайындалған шампунь.
Шаштың түбін қатайтып, түсуін азайтады-мыс. Қолданғаныма 1 апта болды, ұнайды.
Shiseido Tsubaki жапон шампуні. 10 балдық жүйемен 10 қояр ем. Иісі керемет, шашты жақсы ашады.
Alfaparf шампуні — жаздың ыстық күндерінде шашты құрғап кетуден сақтайды:
Сәйкесінше кондиционері:
Сонымен шампуньдер ауылынан қосымша бальзам-маскаларға ауысайық. Кондиционер шаштың жұмсарып, жақсы таралуына көмектеседі, қорғаныш әсері бар. Ал маска- қорек көзі. Шашыңыздың типіне байланысты маска да өзгеріп отыруы мүмкін. Шашым қалыпты болғандықтан, аптасына екі рет жуып, он күнде бір рет маска қолданамын.
Pantene — Жарнаманы қажет етпейді Жаққанда жеңіл, майлы емес.Әсерін тез байқауға болады.
Body Shop-тан мактың майы экстракты қосылған маска, иісі керемет. Шашты қатайтады.
«Золотой шелк» шаштың түбін қатайтын, өсіруге бейімдейтін бальзам:
«Золотой Шелк» шаш өсіруге арналған май — шаш жуар алдында 40 минут бұрын жағып, кейін шайып тастайсыз.Әсері бар.
Frulatte — арган майы қосылған, шатың барлық типіне баратын маска. фен, спрей, лактан кейін шашты жақсы «емдейді».
Шаш жуылғаннан кейін де жалғасады сылап-сыйпау
Ұзын шаштың үлкен проблемасы — ұштану, соған ем ретінде қолданылатындар —
Body Shop-тан жүзім майы қосылған серум:
Indola Innova Repair Split Ends — крем-серум:
оңтайлы тарақтың болмауынан шашымыздың арты кейде тартылып жұлынады, соны басу үшін:
және:
Тарағыңыз да сапалы болсын! Вody Shop массажкасы:
Біз шашымызды осылай күтеміз. Ал сіз?
