Ескі архив · 16.06.2012 00:12

Жануарлар туралы қызықты деректер.

Қаршығалар еуропаның тек бір елінде — Исландияда кездеспейді. *** Хамелеон тілін өз денесінің тең жартысына тең қашықтыққа лақтыра алады. Сонымен қатар, оның көздері бір-біріне тәуелсіз айнала алады, сондықтан да хамелеон бір мезгілде басын қимылдатпай барлық бағытқа қарай алады. *** Түйе құстың жұмыртқасы қатып пісу үшін оны 40 минуттай қайнату керек. *** Күзендер күніне 20 сағатқа дейін ұйықтайды. *** Француздар көгершіндерді «ұшатын егеуқұйрықтар» деп атайды. *** Шиебөрілерде (шакал) иттер мен қасқырларға қарағанда хромосома саны біреуге артық. *** Жолбарыстардың жүні де терісіде жолақты болады. *** Сарган балығының сүйегі жасыл түсті. *** Жылқылардың сүйек саны адамның сүйеке санынан 18-ге артық. *** Сегізаяқты қармауыштың (осьминог) қарашығы тік төртбұрышты. *** Жер бетіндегі жануарлардың ішінде керіктердің (жираф) жүрегі ең үлкен және қан қысымы ең жоғары. *** Керіктердің (жираф) тілі қара түсті, ұзындығы 45 см. *** Антарктида балықтарының қанының температурасы -1,7 Цельсий градусқа дейін жете алады. *** Киттің жүрегі минутына 9 рет соғады. *** Тауықтардың ең ұзақ ұшуы тіркеу бойынша 13 секундқа созылған. *** Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс. *** Фолкленд аралдарында әр тұрғынға (2000 тұрғын) 350 бас қойдан (700 000 бас қой) келеді, ал Жаңа Зеландияда – 20 қойдан. *** Жапырақ кескіш құмырсқа өзінің салмағынан 50 есе артық жүкті көтеріп, таси алады. *** Пілдің миының салмағы оның дене салмағының 0,27% -ын құрайды. *** Мысықтың жағы жан-жаққа қозғала алмайды. *** 1850 жылы Еуропадан Америкаға қараторғайлардың бірінші партиясын әкелгенде американдықтар оларды өлгенше асырағандарына таң қалған. *** Түйе құстың бір жұмыртқасынан он бір жарты омлет жасауға болады. *** Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады. *** Әрбір ара илеуінде 20-60 мыңға дейін ара болады. Аналық ара күніне 1500 жұмыртқа шығарады және 2 жылға дейін өмір сүреді. Аталықтары 24 күнге дейін өмір сүреді. Жұмысшы аралар (барлық бедеу аралар) –өмірін гүлдің аталығы мен шырынын жинаумен өткізеді (шамамен 40 күндей өмір сүреді). *** Дүние жүзінде калибридің (әлемдегі ең кішкентай торғай) 321 түрі бар. *** Игуана су астында 28 минутқа дейін бола алады. *** Зебра – ақ-қара жолақты болады. *** Дүние жүзінде 500-ге жуық хайуанаттар бағы бар. *** Жұлдызқұрттың денесінде адамдарға қарағанда бұлшық ет көп. *** Ягуарларды заң бойынша қорғайтын жалғыз мемлекет – Белиз. *** Егеуқұйрық түйеге қарағанда сусыз ұзақ уақытқа шыдай алады. *** Сары шымшық балапандарын күніне 1000 рет тамақтандырады. *** Ежелгі Мысырда дала зиянкестері ретінде қоңыз, шегірткелер емес, гиппопотамдар саналған. *** Акулалар өзінің жемтігіне шабуыл жасағанда, жемтігі жарақат жасамау үшін көздерін жабады. *** Скунс қаба алмайды және бір мезгілде иіс шығармайды. *** Мола мола балығы (мұхиттың күн балығы) бір шығарғанда 5 000 000 жұмыртқа шығарады. *** Араның шағуынан жыл сайын улы жыланның шағуына қарағанда 3 есе адам өледі. *** Ұлудың қозғалыс жылдамдығы – 1,5 мм/сек. *** Ең ірі бауырымен жорғалушы (және де адамға ең қауіптісі) – теңіз қолтырауыны. *** Жолбарыстың алдыңғы табандарында 5 саусақтан, ар артқы табандарында 4-еуден. Тырнақтарының ұзындығы 8-10 см-ге дейін жетеді. *** Маймылдардың аталықтарының шашы да ер адамдар шашы сияқты түседі. *** Жер бетінде бақа мен құрбақаның 4000 түрі бар. *** Гиппопотамдар пілдерден кейінгі Жер бетіндегі ең ауыр сүртқоректі. Олардың салмағы 4 тоннаға дейін жетеді. *** Түйе құстың жұмыртқасының салмағы 1,5 кг дейін жетеді. *** Наполеон Бонапарттың сүйікті атының есімі – Моренго. *** І дүние жүзілік соғыс кезінде Оңтүстік-Африкалыұ маймылдардың бірі медальмен марапатталған және капрал әскери атағына ие болған. *** Қытайда жыландарды ас даярлау үшін аулайды, Үндістанда – терісі үшін, ал Бирмада – уға қарсы дәрі даярлау үшін аулайды, *** Барлық жабайы қаздар моногамды (бір некелі) болады. *** Жыландар 3 жыл қатарынан тамақтанбай-ақ ұйықтай алады. *** Егеуқұйрықтар Жер бетіне адамдарға қарағанда 48 млн. жыл бұрын пайда болған. *** Жер бетінде үй иттерінің 400 түрі бар. *** Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды. *** 12 қабаттан құлап келе жатқан мысықтың, 7 қабаттан құлап келе жатқан мысыққа қарағанда тірі қалу мүмкіндігі көп. *** Денесіне қарағанда миы үлкен жәндік – құмырсқа. *** Жер бетіндегі шамамен тірі ағзалардың 70%-ы – бактериялар. *** Қара теңіз алабұғалары негізінен, ұрғашылары 5 жасында өздерінің жыныстарын ауыстырады. *** Піл – төрт тізелі жалғыз жануар. *** Токиодағы хайуанаттар бағы аңдарды келушілерден демалдыру үшін, жыл сайын 2 айға бақты жабылады. *** Құмырсқа жегіштер құмырсқалармен емес, термиттермен қоректенгенді жақсы көреді. *** Керік туғанда оның төлдері бір жарым метрден құлайды. *** Түйенің өркеші бола тұра, оның омыртқасы түзу болады. *** Ұрғашы иттер, еркек иттерге қарағанда жиі қабады. *** Акулаларда ракқа қарсы иммунитет бар. *** Көртышқан бір түнде ұзындығы 76 метрлік үңгір қаза алады. *** Орангутандар қауіпті қатты кекірікпен ескертеді. *** Бегемоттар су астында өмірге келеді. *** Ұлуларда шамамен 25 000 тіс болады. *** Калибри жүре алмайды. *** Поляр аюлары 40 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады. *** Қолтырауындар терең сүңгу үшін тас жұтады. *** Пілдер мен адамдар – басымен тұра алатын жалғыз сүтқоректілер. *** Шимпанзе – айна алдында өз-өзін тани алатын жануар. *** Пингвиндер бір жарым метр аса биіктікке секіре алады. *** Соңғы 4000 жылға дейін қолға ешқандай жануар қолға үйретілмеді. *** 1 кг бал жасау үшін, ара 2 млн. гүлді айналып ұшып өтуі керек. *** Ұсақ көбелектің асқазаны жоқ. *** Қоян мен тотықұс мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады. *** Ұзын кенгуру бір секіргенде 10 метрді артқа тастайды. *** Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады. *** Тасбақа 300 жыл өмір сүреді. *** Әтеш алдымен мойнын созбай шақыра алмайды екен. *** Ит онға жуық, мысық жүзден астам дыбыс шығара алады. *** Түнде сауылған сиыр сүті ұйықтататын дәрі сияқты әсер етеді. *** Қолтырауынның майы жасыл түсті болады. *** Кенгуру мен эму артқа қарай жүре алмайды. *** Құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды. *** Ұлудың тістері тамақты майдалау үшін тілінде орналасқан. Хех, дүниеде осындай да қызықтар болады екен-ау!!!!!!!
Авторы:
ADI

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту