Ауылды сағындым...
Жаз келіп күүн ысыған соң, жұмыстан қашып, көңілің ауылға тартып тұрады екен… Таңертеңнен сағынып отырып ауылдың қызықтарын бір еске алдық. Еске түскені осы, ұмыт қалғаны болса жалғастырамыз…
— Қаладағы «телка» ол ауылдағы құнажын…
— Ауылдың дүкендерінде айран сатпайды…
— Ауылдағы кез-келген саудагердің үйі автоматты түрде тәулік бойы жұмыс істейтін дүкен болып саналады…
— Ауылда дүкенде «Апам айтты!» деген сөз қарызға тауар берудің құпия сөзі болып табылады
— Ауылда кешкісін участковыйдан емес «батя келе жатырдан» көбірек қорқады…
— Ауылда кешкі бестің кезінде кез-келген үйде шәй қайнап жатады…
— Ауылдың жастарының туған жылын куәлігіне қарап қана емес, ысқырығы арқылы білуге болады…
— Кез-келген ауылдың әкімінің қызметтік «Нива» автокөлігі болады…
— Ауылда барлық ыдыстың астында лакпен иесінің аты жазылып тұрады…
— Ауылдағы үйдегі пештің қуысында қыста арамза туған төлге арналған қуыс болады…
— Ауылдықтардың басын қосатын кешкі малды қарсы алу мен «Дениз»…
— Ауылда шөпке барайық десе қашасың, ал қалада…
— Ауылдағы үйдің ық жағының қары үнемі сары болады…
— Ауылдағы жігіттердің басын қосатын бірден-бір себеп қаладан келген қыз…
— Ауылдағы ең беделді тойлар мектептің спортзалында өтеді…
