Қылмыс әлемінің татуировкалары №1
Татуировки — как знак времени, они напоминают о каком-то периоде в жизни…
Бұл пост және алдағы уақытта жариялайтындарым қылмыс әлемінің әртүрлі иерархияларының татуировкалары (наколка) туралы болмақ.
№1. ТМД елдерінің қылмыскерлерінің денесінен көп кездесетін түрлері.
1.Зеңбірек үстінде отырған гусар киіміндегі жартылай жалаңаш әйел бейнесі. Әлемде екі құбылыс керемет: бірі махаббат, бірі өлім. Әйелге деген адалдықты білдіреді. Кеудеге немесе арқаға салынады.
2.Отқа жанып жатқан жалаңаш әйел. Әйел адамды өлтіргені үшін жазасын өтегендер денелеріне салады. Ағаштардың саны отырған мерзімін білдіреді.
3.Сәттілік пен фартты білдіретін сурет. Қолға салынады.
4.Тікен сымның бөлігі. Бұл татудың қожайыны еңбекпен тузету колониясын (ИТК) көрген адам. Қолға салынады.
5.Жендет жалаңаш әйелдің басын алайын деп тұр. Ағайын-туысын өлтіріп сотталғандардың денесіне салынады.
6.Ортағасырлық шлем. Күрес пен төзімділіктің символы. Қолға салынады.
7.Тор, роза гүлі және қанжар. Кек алу мақсатында қылмыс жасағандарға салынған.
8.Балта ұстаған аю. Құлып, сейфтарды (медвежатник) ашатын яғни ұрылар денелеріне салынады
9.Мойынға салынады. Тек нашақорларда кездеседі.
10.Шулерлерге (карта ойындарының шебері) салынады.
