Қылмыс әлемінің татуировкалары №2
Покажите мне человека с татуировкой и я покажу вам человека с интересным прошлым.
№2. ТМД елдерінің қылмыскерлерінің денесінен көп кездесетін түрлері.
1.Кілт пен жебе. Үй тонаушылардың денелеріне салынатын болған. Арқа немесе кеудеге салынады.
2.Жалаңаш әйел бейнесі. "Қүпияңды әйелге айтпа". Әйелге деген сенімсіздікті білдіреді. Кеудеге салынады.
3.Бұл сурет иесі еврей ұлтының өкілі. Көбіне ортақтың (общак) қазынашыларына салынған.
4.Ақша — өлімге әкеледі, әйел — алдайды, тек құдайға сен деген мағынада салынатын болған. Кеудеге салынады.
5.Безберекет өмірді ұстанатын адам. Кеудеге салынады.
6.Нашақорларға салынатын болған. Кеуде немесе қолға салынады.
7.КОТ (Коренной обитатель тюрьмы). Түрменің байырғы тұрғыны. Рецидивисттерде жиі кездеседі.
8.Еркіндік белгісі. Қалаларды аралап жүретін қылмыскерлерге (гастролер) салынатын белгі.
9.МИР (Меня исправит расстрел) Мені тек ату жазасы ғана түзейді. Пахандар мен авторитеттерге салынады.
10.Саяси сотталғандар мен диссиденттерге салынатын болған.
11.Желкенді кеме. Мәңгі кезбе адам. Еркіндік символы.
12.Жолбарыс бейнесі. Зұлымдық пен қатыгездікті білдіреді. Авторитеттерге салынады.
13.Қап арқалаған шайтан бейнесі. Ұрлық пен тонауда мол тәжірибесі бар адамдарға салынған.
14.Гладиатор. Бұқалар мен жауынгерлерге салынған.
