Ескі архив · 26.06.2012 16:51

Жаңа Өрмекші-адам

«Жаңа Өрмекші-адам» («The Amazing Spider-Man» — «Таңғажайып Өрмекші-адам») фильмі прокатқа қазақ тілінде шығады. «Меломан» компаниясы «Жаңа Өрмекші-адамның» қазақша трейлерін ресми жариялады. Бұл өрмекші-адам туралы оқиғаның жаңаша баяндалуы. Үнемі жолы болмайтын Питер Паркер есімді қарапайым оқушыны бір күні мутант-өрмекші шағып алады. Осыдан бастап оның өмірінде таңғаларлық оқиғалар орын ала бастайды. Орыс тіліндегі атауы: Новый Человек-паук Елі, жылы: АҚШ, 2012 Ұзақтығы: 136 минут Жанры: фантастика, боевик, фэнтези, қызық оқиғалы Режиссері: Марк Уэбб Рөлдерде: Эндрю Гарфилд, Эмма Стоун, Стэн Ли, Рис Иванс, Эмбет Дэвидц, Мартин Шин, Крис Зилка, С. Томас Хауэлл, Салли Филд, Дэнис Лири Қазақстандағы премьерасы: 5 шілде, 2012 Қазақ тілінде дыбыстағандар: Питер Паркер — Мерей Әджібеков; Гвен Стейси — Алима Қайырбекова; Бен Паркер — Балтабай Сейтмамытов; Мэй Паркер — Тынышгүл Сұлтанбердиева; Доктор Курт Коннорс — Ержан Жарылқасынов; Капитан Джордж Стейси — Азамат Қанапия; Доктор Ратха — Бауыржан Қаңтарбаев; Флэш Томпсон — Тимур Пиязов; Ники — Бейбіт Қамаранов. Аудармашы — Диана Сабазова. Редакторлар және мәтінді салушылар: Тұрысбек Сәукетаев және Салтанат Дүнгенбаева. Қазақ тіліндегі трейлер: 4 минуттық супер трейлер (ағылшынша):
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту