Ескі архив · 26.06.2012 00:33

Жол көлік оқиғасына тап болсаңыз

Осыдан дәл бір жыл бұрын кішігірім жол көлік оқиғасына тап болдым. Маршруттық автобус жүргізушісі оңға қарай жолақ ауыстырам деп белгі шырағын жақпастан оң жақ жолақта келе жатқан менің көлігіме соғылды. Бірқалыпты бұрылыс болатын, мүмкін көрмей қалған шығар. Осы оқиғадағы жол полициясының қазметкерлерімен әңгімеден бастап, ең ақыры сақтандыру сомасын алғанға дейінгі азды көпті тәжірибеммен бөліскім келіп отыр (өзім сұрақтарыма жауап іздеп интернетті көп ақтарғам). Бірақ ешкімге керек болмай ақ қойсын деп тілеймін әрине. Сонымен, кеттік! Алғашқы әрекеттер. Автобустың соғылғанын сезген бетте, көлікті тоқтаттым. Алғашқы сезім — шок, абдырау. Автобус та тоқтап, ішіндегі жолаушылары жәймендеп шығып жатыр. Одан кейін «эмоциялар бораны». Бірдеңе деп ұрысып жатырмын жүргізушіге, ол да қалысар емес. Телефонымнан 102ге қоңырау шалдым. Тез жауап берді, оператор әйел жараланғандар бар жоғын сұрап жатыр. Он минут шамасында Жол полициясы қызметкерлері келіп, жағдайды бағдарлағасын, кетіп қалды. Шамасы жеңіл не ауырлығын қарау үшін келген болар. Одан тағы жиырма минуттан соң басқалары келді. Асықпай жүріп дөңгелектердің тұрған жерін бормен белгілеп алды да, көліктерді қозғай беруге болатынын айтты. Бормен белгілеу барысында кездейсоқ кетіп бара жатқан екі жігітті шақырып алып, соларға өлшеудің дұрыстығын тексеруді тапсырды (Понятой сияқты шығар). ЖПмен әңгіме Көліктерді сол жерге жақын жолдың бойындағы паркингке қойғасын, ЖП қызметкерінің көлігінде автобус жүргізушісі және мен түсініктеме жазуға отырдық. Оның алдында ЖП автобус жүргізушіден: «Оформлять будем?» деп сұрады. Ол кісі ия десе де, таң қалып қайтадан сұрады. (?) Сөйтіп түсініктеме жазуға отырдық. Екеуміз де қазақша жазып, біздің іс қозғау тіліміз қазақша болды. Түсініктемеде әр қатысушы өз тарапынан болған оқиғаны баяндап беруі тиіс. Айта кететін жайт, автобус жүргізушісі өз кінәсін теріске шығарумен болды. Сөйтіп, ол өз версиясын (ол бойынша мен оны басып озып, алдына түспек болыппын), мен өз версиямды жаздым. Түсініктемеде барынша өзіңнің кінәсіздігіңді дәлелдеп жазу керек, сонымен қатар қандай мүліктік зақым келді, соны жаза кеткен жөн. Негізі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес, ЖП қызметкері жасаған хаттаманың көшірмесі әр қатысушыға берілуі керек. Бірақ біздің жағдайда хаттама екі данада жасалып, біреуі ЖПға, екіншісі автобус жүргізушісіне бұйырды. Ал маған ше? десем, керек болса, барып түсіріп ал дейді. Тәжірибем жоқ болғасын, қарсыласа қоймадым. (кейін интернет форумдарда жазғандай, практикада осылай жасалады мыс көбінесе). Сот отырысының шамамен болатын уақытын айтып, телефон берді, сол бойынша анық уақытын сұраңдар деп. ЖП мен сөйлеспестен бұрын екі көлікті де телефоныма фотоға түсіріп алдым бірнеше ракурстан, зақым келген жерлерін (оқиға орнына келген ағамның ақылы, жалпы оның сол кезде көмегі көп болды, мен абдырап қалғанда. Мысалы, түсініктемеде көлікке қандай зиян келді дегенде, ағамның айтуымен жаздым, үш ұйықтасам түсіме кірмейтін нәрселер, дөңгелек геометриясы бұзылған, т.б. дегендерді). Алкотест ЖПмен қош айтысқан соң автобус жүргізушісі алкогольдік тест жасауға баратынын, егер мас емес деген справка болмаса, проблемалар туатынын айтты. Сөйтіп компаниямызбен наркодиспансерге бардық. Негізі мастық күйі сақтандыру компаниясы үшін ақшы төлемей қоюдың сылтауы. Справкамызды алып үйді үйімізге тарадық. Қоштаспас бұрын телефон, адрес, аты жөн, сақтандыру компаниясы т.б. мәліметтермен алмастық. Сақтандыру компаниясы өкілімен кездесу. Ертеңіне жұмыстан сұранып, өз азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандырған компанияға барып, мәлімдеме тастап кеттім (шарт бойынша, кез келген ЖКО туралы ескерту керек, кінәлі бол, болма). Одан шығып, автобус компаниясының сақтандырушысына бардым. Өкілі зуылдап, іші бауырыма кіріп, бәрін қатырамыз, уайым болмасын деді. ***** Эпопея ұлғайып бара жатыр, ал қызықтың бәрі алда! Сондықтан осы жерден доғара тұрайын, жалғасы кейінірек.
Авторы:
Karakyz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту