Ескі архив · 04.07.2012 13:41

Күнделіктегі суреттер

Кеше бөлмемді жинап жүріп бұрыңғы күнделіктерімді тауып алдым. Негізі екінші сыныптан бастап күнделік жүргізеді екенмін. Сол әдетті тек сегізінші сыныптың ортасында бірақ қойдым ғой. Ол жақсы ма, әлде жаман ба білмеймін… Оқып отырсам қызық! Әлемге PINK көзілдірікпен қарағанмын ба, әлде кішкентай баланың көзі көрген нәрселерді жаза бергенмін ба?! Түсініксіз… Бірақ қазір күнде көргенінді, білгенінді, сезгенінді, әрбір жаңа күннен алған әсеріңді түнде отырып жазып отыру деген еріккеннің ісі көрінеді. Алайда бұрын сондай болған екенмін Күнделіктерімнің ішінде нешетүрлі суреттер, нешетүрлі жазбалар, нешетүрлі оқиғалар. Тіпті кейбіреулері нағыз кино Кезінде кәдімгідей суреттер салған және бір қағаз болатын көшіретін сонымен көшірген де екенмін Көбісі махаббат пен достыққа арналған! Дәл қазір күнделігімдегі жазбалармен емес, дәл осы суреттермен бөліскім келіп отыр.
Авторы:
rakisheva

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту