Ескі архив · 04.07.2012 14:59

Ұлы музыкалық шығармалар. Нұрғиса Тілендиев амиго. "Махамбет"

Қарға адым жерге өлген жерім осы деп шығатын беймаза уақыттар… Жердің апшысын қуырып шабу… Ат үстінде ұйықтау… Ұйқысыздық… Әр қырдың артынан бір жау елестейтін шизофрения… Аттың жалын құшып құлау… Досты майдан даласында құдайға тапсырып қашу… Алатын кектердің санынан жаңылысу… Жаурау. Тіпті үсіп кету… Жауға тұтқиылдан тап беру, бір сәт жеңістен мейлінше ләзат алып қалуға тырысу, бірақ қанша шаттансаң да бір көзіңмен айналаға ұрлана қарап отыру… Күдікшілдік… Бала-шағаны ойлау, бірақ өзіңді тұрмыс қамынан биік ұстау үшін ешкімге көрсетпей қамшымен тартып жіберу… Құрдымға кеткеніңді түсінген сайын тістену, ышқыну… www.box.com/s/a927e0845854145a2aee Өз тасым осы шығарманы күніне екі реттен артық тыңдай алмайм, қиын, ауыр… Әлбетте, Вагнердің "Құдайлар төбелесінің" үстінен қақырып кетпесе, төбесінен қарайтын әлем музыка өнерінің жақұттарының бірі.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту