Ескі архив · 06.07.2012 17:43

Біз көрген Нұрберген және Нұрберген көрген Қарағанды...

Нұрберген келем деген соң Абзал екеуміз кәдмігідей қобалжыдық. Себебі, бұндай "ғақлия амигоны" бұрын соңды күтіп алып көрмеген едік. Негізі, Қарағандының қара асфальтына тағы біраз астаналық жігіттердің табандары тиюі керек еді,өздеріне белгілі себептермен келе алмай қалды. Сонымен, Нұрбергенді таксиден бес летір баклашкадан сыра ішіп түсер немесе қолында тұтанған темекі болар деп жобалап отырдым. Баклашка жөнінде шатасқаныммен темекіге келгенде шатаспаған екенмін. Абзал екеумізді бұрыннан танитын адамдай, анандайдан құшағын жайып қарсы жүрді. Cонымен вокзал маңындағы жазғы кафеден бір-екі саптаяқ сыра мен кәуап жеп алған соң, Абзал бауырымыздың дайындап қойған автобусымен қаланы араладық. Автобус жүргізушісі Арман да ақжарқын жан екен. Қаламыз жалпы Нұрекеңе ұнағандай болды, ол жағын өзі тарата айтар.Фотоапаратымды ұмытып кетуіме байланысты Қарағанды көшелерінен көріністі Нұрекеңнің жазбасынан көрерсіздер, менің ұсынарым біздің үйдегі суреттер және бейнежазба. Жалпы, Нұрберген әңгімені жақсы айта алатын азамат екен. Осындай жігіттермен жақын таныстырған «Керекинфоға» алғысымыз шексіз! Абзал бауырым да бір басына жеті өнерді қондыра алғандығын тағы бір дәлелдеді.
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту