Ескі архив · 09.07.2012 11:25

"Әзірет Сұлтан" мешітіне шолу

Бұл ғимарат туралы ресми ақпарат былай депті: «Мешіт төрт мұнарадан тұрады. Әр қайсысының биіктігі – 77 метр. Сондай-ақ, Қазақстандағы ең үлкен күмбез де осы мешітте. Күмбездің диаметрі – 28 метр, ал биіктігі – 52 метр.» Енді өз көргендеріммен бөлісе отырайын. Жалпы видео шолуым. 1- Сырт жақтан көріністері. 2- 3- 4- 5-Бас қақпасы осы. 6-Ою-өрнектерді көптеп қолданыпты. 7-Кіргендегі кіші залы. 8-Шамшырақтары керемет. 9- 10-Төр жақта үлкен қызыл кітап тұр. Көне жәдігер екендігі көрініп тұр. Айналасынан бір-екі әріп болсын ақпарат таба алмадым бұл кітапқа қатысты. 11-Азан шақыратын орын болса керек. 12-Күмбездері Түркістандағы Қ.А.Яссауи мешітінің күмбездеріне келіңкірейді. 13-Салқын ауа осындай жерлерден ұрып тұр екен. 14- 15-Кілемдері керемет. Тұтас секілді. 16- 17- 18-Кіші залда субұрқақ орналасыпты. 19- 20- 21-Алды 22- 23-Мұнара 24-Күміс құранның көшірмесі. Н.Ә.Назарбаевтің тартуы екен. 25- 26- 27- 28- Іші керемет салқын, тура бір Түркістандағы үлкен мешітте жүргендей болдым. Қанша ақша кеткеннін кім білсін, бірақ жалпы жақсы салынған секілді. Бұған дейін таңдай қағып жүрген «Нұр Астанамен» салыстыруға келмейді. Енді жәй әсем ғимарат болып қалмай іші Нұрға толсын дейміз!!!
Авторы:
Janasil

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту