Керекинфо.кз ұсынады: Әрбір қазақ оқуы тиіс туындылар тізімі
Жақында бір әріптесімнің алдындағы орыстілді кітаптарды көріп, пысықсына:
– Қазақша кітаптарға қалайсың? – десем: – Бізде оқуға тұрарлық шығарма бар ма өзі?! – деп қалды… Өкініштісі, солай ойлайтындар көп.
Біраз таныстарым мектептегі қазақ әдебиеті оқулығынан кейін қазақша оқымағанын айтып, оқуға тұрарлық кітап (кейде кітаптар тізімін) ұсынуын сұрап таңғалдырып жатады. Шыны керек, кібіртіктеп қалам: әдебиеттен хабарым болса да, бүкіл қазақ әдебиетіне толыққанды сараптама жасай алатын деңгейде емеспін енді. Кітапты қолына түсуіне қарай оқитын инженер-геологқа жолықпаған шығармалар қаншама?!
Ұсынысым – әрбір қазақ әдебиетінің үздік туындыларының тізімін құрастыру. Одан кейін Тимур Бектұр бастап, Көкбөрі және басқалар қостай отырып, кітаптардың табылуына қарай электронды epub нұсқасын жасап тастасақ.
Иә, жақында ғана студент оқуға тиіс 100 кітаптың тізімі жасалып, ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінде бекітілген екен. Бірақ оның шамамен 40 пайызы – түпнұсқасы басқа тілде жазылған туындылар. Әрине, ол кітаптардың даралығына еш күмәнім жоқ, бірақ дәл қазір орыс я дүниежүзі әдебиетінің шедеврлерін қосудың қажеті шамалы сияқты. Интернетті бір шолып шықсаңыз болғаны, олардың мыңдаған тізімін табасыз, жанрлары бойынша жіктеп те қойған…
Сонымен, айтылған тізімге алып-қосарларыңыз бар ма? Қай туынды міндетті түрде қалыс қалмауы тиіс?
Егер сол жерде келтірілгендер ең негізгілері, қанағаттанамыз десеңіздер, солардың өзін-ақ электронды кітап етіп шығарайық.
Немесе әркім өз тізімін ұсынсын. Ол міндетті түрде 100 я 50 әдебиеттен тұруы міндетті емес, әркім, мысалы, өз ондығын пікір ретінде жазып қалдырса жеткілікті.
Ал кеттік!
Сурет: lacrosselibrary.org
