Ескі архив · 11.07.2012 12:06

Синдром. Бағдаршам тіреуі*

суреттің алынған жері Әдемі қыздар, ығы-жығы халық. Әдейі ойқастап олайда өтем, былай да өтем. Тек, маған келгенде қолыңдағы құрғыр парақшаңды аянып қалатының қалай?! Таратып жатқан жарнамалық парақшаңның қадірін түсінетін бір жан жоққой, жоқ! Неге, сен соны түсінуге тырыспайсың. Ұлтарақтай парағыңды ұсынсаң әдемілеп төріме іліп, жатарда жастығымның астына салып ұйықтар едім. Тек біреуін ұсыншы!!! Ал әзірге сенің еңбегің тек қоқыс жәшігінің түбінде! ПыСы: Неліктен маған көңіл аудармайды? — деген синдромба әлде басқама ішің білсін. ___________________________________________________________________________________ * — Жүргізуші бағдаршамның үш көзінен басқасына көңіл бөлмейді
Авторы:
donen

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту