Ескі архив · 21.07.2012 11:07

Тағы да футбол...

Үзіліс… Дауыл алдындағы тыныштық десе де болады. Келесі аптада өзіміздің сүйікті командаларымыз УЕФА байрағының астында кезекті қарымта матчтарын өткізеді. Барлығының қазіргі жағдайы — жүрегі әлсіз жанкүйерді бірнеше мәрте дәрісіне жүгіндіретіндей. Шахтеріміз сырт алаңда азулы Слованмен бір ғана гол айырмасымен жеңіліп келсе (0-1), Орданың батырлары кезінде Милан, Реал, Челси, Боруссия-Дортмунд сынды таныстыруды қажет етпейтін футбол ұжымдарынан айласын асырған Русенборгпен тең нәтижеге қол жеткізді (2-2). Ал Ақтөбеміз… Қобыланды батыр атындағы стадионда, өз жанкүйерінің алдында сырт алаңда кеткен есені (2 голды) әлі-ақ қайтаратынына ешкімнің күмәні жоқ десем қателеспейтінім хақ! 24 шілде (сейсенбі). 18-00 (Ақтөбе уақыты). Қарағанды. Шахтер — Слован (Чехия). Келесі 3-раунқа өткен жағдайда ЧФР (Клуж, Румыния) командасымен алдымен қонақта (31 шілде), содан соң үйде (07 тамыз) бақ сынасатын болады. 26 шілде (бейсенбі). 19-00 (Ақтөбе уақыты). Алматы. Ордабасы — Русенборг (Норвегия). Келесі кезеңге өтсе Серветт (Швейцария) командасымен алдымен қонақта (02 тамыз), содан соң үйде (09 тамыз) ойнайтын болады. 21-00 (Ақтөбе уақыты). Ақтөбе. Ақтөбе — Милсами (Молдова) Молдавандардан 3-раундқа өтсек Бельгияның Генк командасымен 02 (қонақта) және 09 (үйде) тамызда ойнайтын болады. Командаларымызға сәттілік!!! Келесі кезеңге өтуге барлығының да мүмкіндігі бар. Алға, Қазақстан!!!
Авторы:
SaZhaM

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту