Ескі архив · 22.07.2012 12:13

Фотоаппарат қолымда

86 жыл. Алғашқы фотоаппаратымды сыйға тартты. Тарихқа айналған қара-ақ түсті фотосурет алудың технологиясы… Сол заманнан әр кадр қайталанбас және ыстық екенін түсіндім. Балаларды фотосуретке түсірсем олардың балалық шақтағы күш қуатыммен, болашаққа деген сенімді көзқарастарын көрсеткім келеді. Ең бастысы бала кадірде «бала» болып қалу керек. Қазіргі фотоаппараттар әрине «СМЕНА» фотоаппараты емес. Бірақ сол кезден алған тәжірибемді қолданып жатам. Фото композиция деген ұғымды әлі ешкім алып тастаған жоқ. Фотосуреттің жаны болады. Ескі фотосуреттерден және жаңаларынан қарап тұрған адамдардың көзқарасы өзгергенін байқадым. Заман өзгерді. Кей –кезде «сізді фотоаппаратым түсірмейді»-деп жауап беремін. Сондай көңіл орын таппағанда табиғатты түсіргенге көңілім ауады. Табиғат таң қалдырмай, тамсандырмай қойған емес.
Авторы:
bake

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту