Тамыздағы тамаша кездесу немесе ел спортшыларын "Керекше" қолдау
Қарағанды жаққа жоғарғы жақтан(Астанадан) шенді-шекпенділер жиі келіп тұрады. Саяси мәні бар қала дегенмен. Елбасымызды шыңдап жібергендігі және бар. Астанадан «дөкейлердің» келгеніне үйреніп те алғанбыз. БІрақ дәл осылай барлығы сау ете қалар деп кім ойлаған.
Ия, мейлің сен, мейлің сенбе. Қазнеттің алыптары біздің қалаға ат басын тіреді. Ерлан Оспан(Техносиндром), Асаубота-Аршат, Нұрберген Мақым, Аза (басқа анықтаманы талап етпейді), Данияр Алан секілді жақсы мен жайсаңдарды (іштерінен өздеріңіз жақсыларымен жайсаңдарын бөліп алыңыздар)Қарағандыда кеңк-кеңк күліп, Майқұдықта Лондон олимпиадасына қатысып жатқан ел спортшыларын барынша қолдады. Жоғарғы дәрежедегі кездесу болды деп ойлаймын. Себебі, бұл жерде илеп жүрген терімізге жан жақты талдаулар жасалып, нақты шешімдер айтылды.
Асаубота екеуміз 10 -10 оқпен тир атып, 6 оқ тигізген мен жеңіске жеткен тәріздімін. Дегенмен 5 оқ тигізген Асауботаны да осал дей алмаспыз)))
«Алдарыңызда сол баяғы Шоқан, сол баяғы махаббатымен» дегендей сол баяғы Әбіләкімнің үйінде түсірілген видеолар)))
