Ескі архив · 08.08.2012 22:27

Төрттағандар

Махаббат пен сенім болса егерде, Жеңеміз біз қиындықтың бәрінде, Осылардың біреуіде болмаса Не қажетті ғашық болу біздерге. ******** Мына сөзім арналады қыздарға, Қыр гүліндей жайнаған аруларға, Әдеппенен, ақ пейілді тең ұстап Бақыт құсы қонсын ару қыздарға. ********** Жолдар ұзақ жеткізбейді мақсатқа, Кетіп барам арман қуып қалаға, Көп ұзамай қайтып келем ауылға Ауылымның жарқын болашағына. ********* Кешегіні еске алып, Қолға қызыл гүл алып, Ұстаздың жарқын бейнесі Қалар есте жатталып. ********* Уақыт бәрін емдейді, Уақыт өтіп барады, Мені неге сол уақыт Емдемейді жарамды.
Авторы:
Maksat94t

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту