Ескі архив · 13.08.2012 20:01

Жеңісті күндерде жолыққанша.

Қазақтың екі ұлы алтын үшін ақтық сынға шығады дегенде үйде жата алмай кештетіп Керуенге қарай тарттық. Керуендіктер өзіндік шоу ұйымдастырыпты. Ышқынып тұрған жүргізуші де сызылып жүрген сирақты қыздары да бар. Жиналған халық тура бір шаршы алаңның жиегінде отырғанда боксшыларға дем берді. Ары қарай суреттер мен видеолардан ала отырыңдар. Сәпиев ЧЕМПИОН!!! Марапаттау рәсімінен кейін Азамат: -Шабыт келді, Шабыт келді!!! Қағаз керек Қағаз. деп тыпыршып кетті. Содан жүгіріп жүріп қағаз бен қалам таптық та сыртқа шығып өзін жайлы сезінсін деп тастың үстіне әкеліп жайғастырдық. Төмендегі сурет «Тамыздың ОН ЕКІСІНІҢ» толастамай шығып жатқан сәті. Он екінші тамыз Пендеуи ой толғантқан халқымды көп, Қаһармандар бәйге алмай алқынды деп, Өзге жұрттың өкілі олжа салып, Неге алмайды бір қазақ алтынды деп. Қолтықтан Тәңір қолдап, демегесін, Серік Ұл қуанта алды Ел Енесін! Алты Алаштың абыройын аспандатты, Арда туған Сапының немересі! Сан додада сынбаған сағым менің, Шүберекке түйілген жаным менің, Күміс тақты Отанының омырауына, Жеңілмеген жүлдегер Әділбегім! Мыңмен жалғыз алыстың дара қалып, Біз сендік! Сені осалға баламадық! Қола алдың, тасыды тағы мерей. Анаңа алғыс, Ақжүрек Таңатаров! Ақжолтай қуанышқа бөледі шын, Талай жылғы төккен тер төлеуісің. Алтын! Күміс! Қоланы сыйлай салған, Рахмет саған, тамыздың он екісі! Азамат Азаматұлы Астана, «Керуен» СОСО Бейне нұсқасы.
Авторы:
Janasil

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту