Ескі архив · 14.08.2012 19:27

Суреттер сөйлейді - 3

“Хадис” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – сөз, әңгiме деген мағынаны білдірсе, шариғи мағынасы – Пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) айтқан сөздерi, жасаған амалдарының жиынтығы деген ұғымды білдіреді. “Хадис” пен “сүннет” сөздерi шариғи мағына жағынан бiр-бiрiне өте жақын. Толығырақ айтқанда, “хадис” және “сүннет” – Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) айтқан сөздерi, iстеген амалдары, шариғи үкiмдерi. Алайда, бұл екi сөздiң түпкiлiктi мағыналарының арасында айырмашылық жоқ емес.“Хадис” – сөйлеу және айту арқылы келген хабар болса, “Сүннет” сөзi Пайғамбарымыздың (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) iстеген iсi, ұстанған дiни жолы деген ұғымды білдіреді. Бұл жазбада біздер білетін, бірақ терең мән бере бермейтін хадистерді оқуға ұсынамын… Бір қарағанда ешкім айтпаса да, ешкім үйретпесе де өз бетімізбен түсінуге болатын қарапайым қағидаларға ұқсайды. Өкініштісі, кейде болмайтынын біле тұра теріс жолға қалай бұрылып кеткенімізді аңғармай да қаламыз. Алла тағала сөзі мен ісі сәйкес жандардың қатарына қосып, шынайы мұсылман болып өлуді нәсіп етсін!..
Авторы:
ademi_alem

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту