Ескі архив · 17.08.2012 13:31

Домбыра пати Астанада!

Кеше Арқаның төсінде, Астананың төрінде, Бәйтеректің жанында, Керуеннің алдында Керекшілер ұйымдастырған тамаша іс-шара өтті. Шартты түрде «Домбыра пати» атауын алған іс-шараның басты мақсаты — домбыраны, қазақшылықты насихаттау. Ұмытыла бастаған игі дәстүрді қайтадан сәнге айналдыру. Астана уақытымен кешкі 21.30-да басталған пати 23.00-де аяқталды. Керекшілерден бөлек қыдырыстап жүрген адамдар да қызықтады. Өнерлерімен бөлісті. Соңында «Көп жасаңдар!» мен «Маладестер »-дің астында қалған керекшілер сол жерде әр бейсенбі Бәйтерек маңында 20.00-де осы дәстүрді жалғастырмаққа уағдаласып тарасты. Ал, әзірге патиден суреттер: Кешегі күннің басты қаһармандары — Нұрғиса және Аза Керектің арулары. Айқаракөз келді ат терлетіп… Асаубота, Нұрберген, Аза 30-40 шамасында адам жиналды тамашалауға. Кішкентай көрермендер Даниярсыз Нұрбергенмен Даниярмен Нұрбергенсіз Марко Жампозымен (айтпақшы, жақын күндерде Jampoz никті керекші пайда болса, таң қалмаңыздар) Нұрғисаның үйіндегі жеңгеміз кішкентаймен, Жанасылдың үйіндегі келін де келген. Алайда суреттердің нашарлығынан сала алмадым. Жалпы тамаша өтті. Әзірге осы. Толығырақ видеода ұзаттырмай саламыз!
Авторы:
Daniar-Alan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту