Ескі архив · 18.08.2012 13:34

Ты кто такой? Давай, до свидания!

Осы аптаның ортасында Атырау облысының әкімі ауысты. 45 жасар Бергейді 64 жасар Бақтықожа алмастырды. Өңірді алты жылдай басқарған Бергей әкімдікке қарапайым саудагерден көтерілсе, Бақтықожа бұған дейін энергетика министрі және БҚО әкімі (ол да бес жыл басқарған) болған. Өмірбаяндарына қарасаң Бақтықожа таптырмас маман дерсің. Алайда, Бергей Атырауда көпірлер салып жолды ашып, қаланы толықтай асфальттады, шалғай ауылдарға газ тартып, суын түзеді. Бюджеттегілерге арнап толықтай бір микрорайон салып берді. Қанша аурухана, мектеп, балабақша салды. Ия, ол қызуқанды еді, жұмыс барысында күйіп-жанатын. Оны біреулер сыболыш дейтін. Бірақ, ол біздің сыболыш болатын. Ал, мынау Бақтықожа кім? Ол әкім болған жылдары Оралды топан су басты, қала азып-тозды деп ел шулап жатыр. Мен үшін жат басшыға «Ты кто такой? Давай, до свидания!» дегім келеді. Тұздыққа әзербайжан мейханашыларының Ты кто такой? Давай, до свиданиясы!
Авторы:
Barsa

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту