Ескі архив · 21.08.2012 17:52

Эйфель мұнарасы туралы қызықты деректер

Парижді көзіммен көріп, Эйфель мұнарасына шығу арманым боп жүр. Париждің символына айналған мұнараның суреттерін жинағышпын. Мына бір қызықты (мен үшін қызықты) деректерді көзім шалып… 1. Эйфель мұнарасы біркелкі көрінгенмен үш түрлі реңкке боялған: астыңғы жағы қанық түстен бастылып, ең жоғарғы бөлігі ашық түсті. Мұнараны тот басып кетпес үшін әр 7 жыл сайын сырлап тұрады екен. Әр бояғанына 50-60 тонна бояу кететін көрінеді. 2. Атауы мұнараны жасаушы — Гюстав Эйфелдің құрметіне қойылған. Мұнара биіктігі 81 қабатты үймен бірдей. 3. Мұнара бой көтерген соң әлемдегі ең биік құрылыс боп саналған. Ал қазір биіктігі бойынша әлемде 5-орында тұр. 4. Мұнараның екінші қабатында атақты бас аспазшы Ален Дюкасс ашқан тағамды талғап жейтіндерге арналған ресторан бар. Жазушы Ги де Мопассан Эйфель мұнарасын өте жек көрсе де, сол рестораннан тамақтануға күнде келеді екен. Жазушы оны: «Менің мұнда күнде келіп тамақтануымның себебі бар, осы жер — Париж бойынша Эйфель мұнарасы көрінбейтін жалғыз жер» деп түсіндіретін көрінеді. 5. Ең алғаш пальто-парашют ойлап тапқанда оны жасаушылардың бірі өз туындысын өзі сынап көрмекші болады да, осы мұнараның үшінші алаңқайынан секіреді. Сынақ сәтсіз аяқталып, адам мерт болады. 6. Мұнараны тұрғызуға кеткен біршама уақытта тек бір адам ғана құлап, қайтыс болған екен. 7. Ұлы Отан соғысында Парижді жаулап алу кезінде немістер биігіне шығып, әдемі пейзажды тамашалай алмасын деген ниетпен француздар мұнара лифтін алып тастаған екен. Алайда, Гитлер ең биігіне жаяу шығуға ерінбепті. 8. Бұл мұнараның шағын көшірмелері Лас-Вегас, Копенгаген, Болгария, Қазақстан және тағы да басқа елдерде бар. 9. Г.Эйфель мұнараға өз қолымен қырнап, 70 шақты атақты адамдардың атын жазыпты. Эхх… «Парижді көріп, өліп кетсем арманым жоқ» деуші меді? Суреттер сілтелініп тұрған жерден алынды.
Авторы:
aikarakoz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту