Бішкектемін
Иә, Бішкектемін. Дәл қазір қонақ үйдің жанындағы кафеде сырадан ұрттап қойып, интернетте отырмын. Жазатын да дым жоқ. Елбасының сапары туралы репортажды жібердім. Қырғызға екі жүз мың тонна астықты қарызға беретін болдық. Тек жарты жылдан кейін төлей бастайды. Екі мектеп салып беретін болдық, ортақ инвестициялық қорға жүз млн АҚШ доллларын салдық. ))) Өзім беріп жатқандай бөсіп отырмын, иә?!)))
Жалпы Қырғызстанда Қазақстандағыдай ақша болса Бішкек нағыз гүл жайнайтын қала екен. Кішігірім парк па, бульвар ма толып жатыр. Биік ағаштар ыстық күні жанның саясы. Бірақ, қырғыз астанасы тоқсаныншы жылдардың аяғы мен екі мыңыншы жылдардың басында қалып қойғандай әсер қалдырады. Астанамен салыстырғанда бәрі ескі… тіпті Ақтөбемен, жоқ Алғамен салыстырғанда да ескі көрінеді. Тақтайдан жасалған маңдайшалар, мата хабарландырулар, үйлердің фасадтары кеңес кезіндегіден өзгермеген.
Сурет жоқ))) Оған қол тимей жатыр. Сосын, жазатын дым жоқ деп, біраз жазып тастаппын. Әншейін әңгіме болсын деген, сыраға санасы тербеліп отырған адамның пейілі ғой)).
