Ескі архив · 22.08.2012 18:17

Теңдессіз 10 мың теңге

Қазақстанның тәуелсіздігіне жиырма жыл толуына орай шығарылған он мың теңгелік банкнот «2011 жылдың ең үздік банкноты» аталымын жеңіп алды. Сараптаманы International Bank Note Society(IBNS) жүргізген екен. IBNS жыл сайын өткен жылға сараптама жасап, үздік банкноттарды анықтап отырады. Халықаралық банкнот қауымдастығының құрамында бес мыңға жуық адам тіркелген. Жеңімпазды осылардың берген дауысы арқылы анықтаған. Көптеген елдің банкноттарымен салыстырған сарапшылар финалға он екісін алып шығыпты. Солардың ішінен біздің он мың теңгелікті ең үздігі деп таныған екен. 10 мың теңгеліктің ұзындығы — 149 миллиметр, ені — 79 миллиметр.
Авторы:
konvict

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту