Оргазм. Оргазм? Оргазм!!!
Әйелдер оргазмды имитациялайтынын біз де білеміз, сіз де білесіз. Оргазмның шын-өтірігін ажыратуға мүмкіндік беретін бірнеше белгісі бар. Соларды біле жүріңдер.
1. Әйелдің есі ауып қалады. Шын мәнінде. Сол сәтте бірдеме сұрасаң, жөнді жауап бере қоюы екіталай.
2. Қызарып кетеді. Әсіресе, сыртқы жыныс мүшелері қанға бөртіп, қып-қызыл түске енеді.
3. Қатты қызарып кетеді. Іші мен омырауына қызыл теңбілдер шығып кетеді.
4. Қынапқа кіре берістегі шығыршық бұлшықеттер жиырыла бастайды. Және, айыра алған адамға, бұл жиырылу мен әйелдің қынабын жиыруға деген қабілетінің арқасында жиырылу арасында үлкен айырмашылық бар. Қынап 15 ретке дейін жиырылуы мүмкін.
5. Үні шықпай қалады. Әйел шоршып, сенің атыңды атап бақыра берсе, сенбе, өтірік істеп жатыр. Шын оргазм кезінде әйелдің демі бітіп, үні шықпай қалады. Тіпті дыбыс шығарғысы келсе де, ол күйсеп тұрған сиырдың мөңірегені сияқты түсініксіз дыбыс болып шығады.
6. Алдыңғы айтылғандарды қадағалап жатуға мұршаң келе қоймас. Ең айқын белгісі. Шын оргазм кезінде әйелдің қынабынан біраз мөлшерде түссіз, иіссіз, мөлдір сұйықтық бөлінеді. Оны сезбей қалу мүмкін емес.
Дереккөт: MH, GQ сияқты еркетердің «Космополитаны».
