Ескі архив · 29.08.2012 12:12

Неге сайт(ым) ашылмайды?

Осы сұрақ сайт жасаушыларға көп қойылады. Қате! Бұл сұрақты ешқашан сайт жасаушыға қоймаңыздар. Өйткені сайт жасалынып, сізге тапсырылғаннан кейін сайттың сайт жасаушымен түк қатынасы қалмайды. Әрі қарай барлық нәрсе өзіңізге байланысты. Сонымен сайт неге ашылмай қалады, себептерін қарап көрейік: • Интернеттің бар екенін тексеріңіз. Мүмкін интернет жоқ шығар? • Сайт адресін дұрыс тексеріңіз. Мүмкін қате жазған шығарсыз? • Доменнің аяқталу уақытын тексеріңіз. Домен ақысы төленбесе әрине ажыратылып қалады. • Хостинг мерзімін тексеріңіз. Ақысы төленбесе хостер әрине ажыратып тастайды. • Басқа провайдер арқылы кіріп көріңіз. Кейде провайдер желісі толып қалады, блок қойылып қалады. бірақ бұл уақытша нәрсе. • Серверде ақау болуы мүмкін. Бұл да уақытша нәрсе, серверде кейде ақаулар болып қалады, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Әсіресе қазақстандық серверлерде жиі болады мұндай құбылыс. Бірден хостермен хабарласыңыз. • Бұлардың ешқайсысы болса мүмкін сайтыңызды хакерлер бұзып кеткен шығар? сурет: www.flickr.com/photos/rub-ens/4577700113/
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту