Түрік тілін үйренгіңіз келсе
Түрік тілін үйренгіңіз келе ме? Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы түрік тілі курстарына шақырады.
Орталықтың түрік тілін үйрету курстары Еуропа Одағының бекіткен талаптарына сай дайындалған, барлығы 5 бөлімнің құрамындағы 12 курстан тұрады.
Бағдарлама 56 сағаттан тұрады.
Курстардың басталу уақыты және мерзімі
Оқу жылы 10 қыркүйекте басталып, 25 желтоқсанда бітеді. Әр бір курс 8 аптаға созылады. Курстар аптасына 3 рет өткізіледі. Апта сайын бағдарламаның түріне байланысты 7 сағат болады.
Курстардың бағасы
Әр курс үшін 30 000 теңге, яғни тіркелген кезде – 15 000, 1 Қарашада қалған 15 000 теңге төлеу қажет.
Оқулықтар
Орталық Анкара Университетінің Hitit кітаптарын қолданады. Бұлар жинақ болып шығарылған. А1 және А2 курстары үшін — «бастауыштар », B1 курсы ушін – «орта деңгей» және В2, С1 үшін -«жоғары деңгей» кітаптары қолданылады. Әр оқулық 5000 теңге тұрады. Сатып алған оқу кітаптарын алғаш А1 және А2 бөлімдерінде қолданасыз және В 1 курсына дейін еш кітап сатып алмайсыз.
Сертификат иесі болу үшін
Юнус Эмре Институтына қатысты Юнус Эмре Түрік мәдени орталықтары Түркия мемлекетіннен тыс жерлерде түрік тілін үйрете алатын жалғыз халықаралық мекемелер болып табылады.
Әрбір бөлімнен кейін емтихан тапсырып, алған нәтижеңіз бойынша сертификат ала аласыз. Мысалы, А1 бөлімінен кейін белгілі балл алсаңыз, А1 бөлімінің сертификатына ие боласыз да, А2 бөліміне көше аласыз. Сертификаттар Түркиядан келетіндіктен, оларды тапсыру уақыты кешігуі мүмкін.
Оқытушылар
Курстарда Түркияда түрік тілі және әдебиеті пәнідерінің мамандары болған түрік мұғалімдер оқытады. A1 және A2 курстарындағы сабақтардың бір бөлігін жергілікті түркологтардың да өткізулері мүмкін.
Қажет құжаттар
Курстарға жазылу үшін жеке куәлігіңіздің көшірмесін және 2 (3x4) сурет алып келу қажет.
Сабақтарға қатысу тәртібі
Сабақтардың 70%-на міндетті түрде қатысу керек. Курстардың 30%-нан артық сабақтарына қатыспағандар емтихан жаза алмайды және сертификатқа ие бола алмайды.
Уақыттары:
күндізгі топ:
Дүйсенбі-Сәрсенбі-Жұма
10.00 — 12.00
14.00 -16.00
кешкі топ:
Дүйсенбі-Сейсенбі-Сәрсенбі-Бейсенбі 17.00-19.00
Дүйсенбі-Сәрсенбі-Жұма 19.00-21.00
Сейсенбі-Бейсенбі-Сенбі 19.00-21.00
Орналасқан жері:
Астана қ, Қонаев көшесі 27
Тел: 286 200
