1001 матч
86-минут. «Сэнт-Мэрис» стадионында «Саутгемптон» жанкүйерлерінің ысқырығы мен ән-айқайынан құлақ тұнады. Есеп 2-1. Сәлден соң қаһарлы «Манчестер Юнайтед» тізе бүгуі тиіс. Бірақ бұл — «Манчестер Юнайтед»! Соңғы бес минутты ең ширақ өткізетін команда. Сәл тосылсаң — оңдырмай жазалайды. Бұған дейін бірнеше рет орындалған сценарий бүгін де қайталанды. Бас-аяғы бес минутта «Саутгемптонның» бар үміті тас-талқан болды. Қорытынды есеп: 2-3. «Манчестер Юнайтедтің» кезекті жеңісі!
Бұл МЮ-дің сэр Алекс Фергюсонның бастауымен ағылшын премьер-лигасында өткізген 1000-матчы болатын.
Сэр Алекстің командасы 1000-матчтың 599-ында жеңіске жетті. 233 кездесуде тең түсіп, 168 ойында жеңіліп қалды. Доп айырмасы 1866-665. Юнайтед тізгін ұстаған 25 маусымда Фергюсон 12 рет Англия чемпионатын жеңіп алды. Бұл жылдар аралығында команда бірнеше рет қайта құруды бастан өткізді. Бірақ футбол тарихындағы ең ұлы жаттықтырушының арқасында команданың жеңіске деген ұмтылысы, жігері, чемпиондық амбициялары азайған емес. Тұрақтылық — бұл Манчестер Юнайтед пен Сэр Алекс Фергюсонның екінші аты.
САФ биыл 71(31.12.1941ж) жасқа толады. Бірақ ол футболды әлі де балаша сүйеді. Өзінің айтуынша, өткен жолына мақтана қарап, үйде жатып алып, футболды теледидардан қарауға осы бала махаббаты кедергі.
Сэр Алекс пен Манчестер Юнайтедтің АПЛ-дағы 1001-ші матчы 15-қыркүйекте өтеді. Қарсылас — Уиган. Бұл кездесу 600-ші жеңіс болуы әбден ықтимал. Жеңіліп қалса ше? Ештеңе етпейді. Сэр Алекс Фергюсон барда Манчестер Юнайтед бәрібір жеңімпаз болатынын нағыз жанкүйер анық түсінеді.
Glory, Man.United!!! Forever SAF!!!
суреттер sports.ru сайтынан
