Ескі архив · 05.09.2012 10:53

Қаш жауынгер, «атаң» келеді артыңда

Терісайырық шекара бекетін өз бетімен тастап кеткен жауынгерлер жазаланбайтын болды. Олар жапа шегушілер мыс. Жәбір көрсеткен бекеттің командирі мен контракт бойынша қызмет етіп жатқан «аталар». Оқиға былай болған еді Сонымен, мемлекет, халық, отан сеніп тапсырған нысанды тастай қашқан сарбаздар кінәсіз. Меніңше бұл нонсенс. Олар салтанатты түрде ант қабылдаған жоқ па?! Енді сәл қысым көрген кез-келген жауынгердің кетіп қалуға құқы бар. Неге өйтпеске, Терісайырықта бір емес он бір адам кетіп қалған жоқ па?! Әскердегі әлімжеттікті ақтап алайын деп отырғаным жоқ. Біреуді ұрып-соғып, қысым көрсеткені үшін аталар да, командир де жазалануы тиіс. Бірақ әлгі сарбаздарды түк болмағандай жайына қоя беру қате. Бұл тығырыққа апаратын жол. Енді шығатын амал қайда? Меніңше әскердегі әлімжеттік, осындай қашып-пысқандар мен жалпы кәсіптік проблемаларды шешу үшін армияны толықтай контрактілік жүйеге көшіру керек секілді. Әйтпесе, армия дегенде қатарласа естілетін төзім, тегеурін, ерлік, абырой деген ұғымдар көмескіленіп, шекараны күзеткен сарбаздарға сенім азайып кетті. Пысы. Өкінішке орай өзім әскер қатарында болғам жоқ.
Авторы:
Marco

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту