Ескі архив · 07.09.2012 11:00

Тостаған төс

Шіліңгір шілденің шыжыған күнінің аяғын ала бере, екеуі ауыл шетіндегі өзеннің жағасына келіп отырды. Дәлірегін айтқанда шашын бір жақ иығынан алдына асыра салған Маржан отыр да, Ерлан екі қолын желкесіне қойып шалқасынан жатыр. Екеуі де биыл мектеп бітіріп, қалаған оқуларына түсті. Бұларды қинап тұрған бір ғана жайт екеуінің екі қалаға оқуға түсулері ғана. Қыздың арқа тұсынан көз салып отырған жігіт, оның самал желмен жай ғана желбіреген шашының исін жұтып-жұтып алғысы келгендей кеудесін кере демалды. Қыздың ақ көйлегінің астынан төстартқышы анық көрініп тұр. Бұл екеуі төстеріне төстерін тигізіп билегендері болмаса, бірер мәрте сүйіскендері болмаса, көп қыдырмаған да еді. -Маржан, енді екеуміз екі қалада оқимыз. Демалыс кезінде ауылда кездесіп отырамыз десек те, екеуміздің арамыздағы сезімнің өршу-өршімеуі белгісіз. Сенің ана жақта біреуді ұнатып қалуың, менің де басқа қызға сезімім оянуы мүмкін. Сен қалай ойлайсың? -Ерла(қыз оны неге екенін кім білсін, бірінші рет осылай атады), бір-бірін күту деген жетпісінші-сексенінші жылғы кітаптардың кейіпкерлерінде ғана бар болар бұл өмірде. Ештеңеге кепілдік бере алмаймыз. Жігіт басын көтеріп, жайғаса отырып, қызды қапсыра құшақтады. -Олай болса маған төсіңді көрсетші… Неге өйдегенін өзі де білмейді.Әйтеуір, сол тостаған төсті көзімен аймалағысы келіп кетті. Қыз да көп қымсынбады. Ақ көйлегінің түймесін ағытып, лезде шешіп тастады. Сосын жайлап қана жымиды да" Мынаны мүмкін өзің ағытарсың" деді. Ерлан бұны күтпеген еді. Саусақтары дірілдеп төстартқышты шешті-ау бір кезде. Осыны күтіп тұрғандай қыз да орнынан киіктің лағындай шапшаң көтеріліп кетті. Еркек атаулының еріні тұрмақ саусағы тиіп көрмеген тығыршықтай төсті көрген Ерлан бір сәт абдырап қалды. Тамағы кеберсіп, жұтына берді. Кешкі салқыннан болар қыздың денесі құсеттене бастаған тәрізді. Дегенмен, денесінің толысуы әбден бабына жеткен бойжеткеннің төсінен кемшілік табу қиын еді. Өмірінде жалаңаш қыздың тәнін бірінші рет көріп тұрса да өзіне осындай төстердің ұнайтынын сезді. Тізерлеп отырған қалпы дірілдеген саусақтарымен қыз төсін жайлап сипалады. Содан кейін орынынан жайлап көтеріліп, қыздың ернінен сондай бір құмарлықпен құшырлана сүйді. Қыз да еш қарсылық көрсетпеді. «Көйлегіңді киіп ал, денең тоңазып қалыпты» деген сөзді қыздың құлағына қанша уақыттан кейін сыбырлап айтқанын жігіт біле алмады.Бар білгені қызды құшақтаған қалпында өзін әрең ұстап тұрғаны еді… Иә, бұдан кейін қаншама төсті құшырлана қысатынын, қаншама төсті емірене өбетінін, бірақ та дәл осы сәттегідей сезімді басынан кешірмесін ол кезде Ерлан білген жоқтын.Маржан да…
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту