Ескі архив · 14.09.2012 21:29

Жұманың уағызынан немесе ит пен мысық неге жауығысады һәм ғайбат сөйлеу жайында

Нұх пайғамбар топан судан аман қалу үшін үлкен кеме жасап, оған жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу мақсатымен жан-жануарлардың әр түрінен бір жұптан алады. Артық салмақ кеменің суға батып кету қаупін тудырып, артық бас кемедегі орынның тарылуына сеп болатындықтан жұптардан артық алынбайды. Сан мен салмақ қосылмас үшін жұптарға жыныстық жақындастыққа да қатаң тиым салынады. Десе де, жануарлардың арасынан ит нәпсісі қысып өз ұрғашысымен қосылып қояды. Мұны еш тіршілік иесі байқамағанмен, мысық қана көріп қойған екен. Мысық болған жайды кеме қожайыны Нұхқа айтып қояды. Бірақ, ит жалтарып кетіп, мойындамайды. Оқиға тағы бір-екі рет қайталады. Мысық әр кез қожасына жеткізіп отырады. Ит ұрғашысымен соңғы бір қосылуында жұбына жабысып қалып, баршаның алдында масқара болады. Қорланған ит мысыққа теріс батасын оқып, оның да жұрт алдында масқаралануын тілейді. Иттің тілегі қабыл болып, мысықтар сол кезден бастап әр кез жыныстық жақындастыққа түскен сайын қатты дыбыс шығарып масқаралатын болыпты (осы арасын дұрыс түсінбей қалдым, расымен мысықтар қосылған кезде қатты дыбыс шығарады ма екен?) Мораль: біреудің сыртынан ғайбат сөйлегеннің өзі масқараға душар болады. Өсектеуден сақ бол! "Ғайбат" – адамның сыртынан жамандау, өсектеу деген мағына береді. Ғайбат ету күнә болып саналады. Біреуді ғайбат ету, өлген адамның етін жеумен бірдей екендігі білдіріліп, қатаң ескертіліп, одан жиіркендірілген. Суреттің алынған жері
Авторы:
know_how88

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту