Коллекция жинайсыз ба?
Кішкентай кезімде анкетаға жабыстыру үшін индия қыздары мен жігіттерінің фотоларын жинайтынмын. Өте көп болатын менде. Сосын Киндер сюрприз шығып жатқанда ішіндегі ойыншығын қорабымен қоса жинап жүретінмін. Оным бір сумка болатын.
Ал қазір, балалығымның белгісі қалып қойған болар,Теддиді жақсы көрем. Тым үлкендері бар еді, сіңілілерім алып кетті Әзірге осы-ақ
Тағы бір әдетім — иіссудың түр-түрін ауыстырып тұрғанды жақсы көрем. Таусылмай жатып, басқасын ұнатып жатам, көрсеқызарлығым ба екен?
Тырнақ бояуын ұнаттым ба, ала салам. Сапасы мен маркасына мүлде назар аудармайм, түсі ұнаса болды, жаман әдет. Бір рет жағылған соң тұрады. Тағы да сіңілілерім қарық боп жатады әйтеуір
Брелок жинағанды керемет жақсы көріп, жатпай-тұрмай жинаймын деп айта алмаймын . Сыйға келгені бар, өзім алғаным бар, біраз жиналып қапты. Енді брелок жинауды қолға алсам ба деймін.
Өзім жақсы көретін, бірақ еш қолданбайтын екі флешкам бар Олар — анау гитара (әлде скрипка?) мен жүрек. Қалғаны құртыла берсін деп, қолданып жүрмін
Ал сіз ше? Коллекция жинайсыз ба? Осында суретін сала отырыңыз…
