Ескі архив · 21.09.2012 11:34

ӨМІР

Өмір Өмір деген – өлімнің баяулаған процесі Автор Өлгім келеді!.. Танакөз ТОЛҚЫНҚЫЗЫ Уақыт, уақыт… өліп бара жатырмыз, күнімізді түнімізбен жұбатып, көміп қана жатырмыз. Ажалына асығады бәзбіреу… кейде өмір азабына, төзе алмайтын пақырмыз. Сіз не дейсіз, Ақын қыз? Зырылдамай, тоқта уақыт!.. (тілдеймін) Өлімдерін кімнің, қалай? күтетінін білмеймін. Күресемін күнде өлмеу үшін мен Жыр кешемін… үмітімді өз әлімше үрлеймін. Кешігіп қап жүрмейін. Сабылыс… Біріміздің артымызда біріміз. Өлгенімде өлең мені жарып ұш, жарамайды-ау басқа ертеңге түгіміз. Алда мың ой, Өлең мені жетелейді мәңгіге (арманым ғой) Бола жатар… жоғалмаса тіліміз, белгісіздеу күніміз… Жағалайды неге осы күзде Мұң?! Сансыз ойлар мазалайды, Қалса б-о-о-лды іздерім. Кел төрлегін, Аласұрған шабытым. Мен өлген күн, жарқырасын жырдан соққан күмбезім. үмітімді үзбедім… P.S. Дүниеде қалу үшін дерегі, Өлеңменен өмір сүріп жатырмыз. Менің қатты-ы-ы өмір сүргім келеді… Сіз не дейсіз, Ақын қыз?
Авторы:
aset_85kz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту