Ескі архив · 30.09.2012 21:56

Проект Э&Ж немесе Кинопати

Туған күнді атап өту мақсатымен ұйымдастырылған пати де өтті. Ең алдымен барлық достарыма алғыс айтамын! Алыстан ат терлетіп келген АКҮ мен Гастаға үлкеееееен рахмет! Жәндәрім Жалғас, ал сені туған күніңмен тағы да құттықтаймын!) Сонымен… Көптен бері сөз болған патиге кім қай образда келді? Жалғас — Джокер Патик — Апачи әулетінің басшысы АКҮ мен Мадлен — гейшалар Меруерт (сіңілім), Розатай, Көзілдірік — Криктердің толпасын құрушылар. Жанка (сіңілім) — Қарақшы Анар — Гермиона Қыпшақ қызы мен Айкона — Вампирлер Айгүл (әріптесім) — Демон Назгүл — Майқанова Ербол — Қожа Қисық — Бэтмен (типі) Ал өзім — Мартин Гаста бырат Гаста боп келді Марат пен Аъзам (Жалғастың достары) — Ботан) Нұрлан — ешкім емес Назира да ешкім емес Оһ, қандай Гейша мынау Жалғастың бет-пішіні де, шашы да образға сай. Сәтті таңдалған). Қарақшымыз сыпайы боп қалД енД Бешір басталмай тұрып, суреттерімізді Фейзбук пен Твиттерге жіберіп үлгердік Құдай-ай, мына гейшаларды-ай Әйтеуір мәзбіз)) Екі «жаман» қосылып қапты)) Көзілдірік бойыммен бірдей гүл сыйлады . Осы сурет ұнайды ше Жалғас қандай ұсыныс айтты екен, гейшалардың аузы бұртиып кетіпті Криктер жаттығып жатыр… Әй, кетті-ау, кетті ғой Твиттерге Уже абыр-сабыр боп жатыр Жәнііііііім, жақсы көрем ғо Патконтайды)) Осы кейпіне уапще сындым Қызылды-жасылды жарасып қаппыз Патиктің андайлары көгершіннің жүнінен екен)) Очм Димаштың жұмысы осы болды ғо Үйді таппай жатқан қонақтар кешігіп келіп жатты Монти, постерлер үшін рахмет! Асылханды аймалааааап… Розкабай көзін жұмып қалса да, әдемі түсіпті осы жерде Майқанованың сәукелесі әдемі, ия? Криктер шешіне бастаған кез… Шаманның қарны ашып қапты Көзілдірік ашулы че-то Үнемі шар үрем де жүрем ше Қисық пен Патиктің төбелескенін айтпай-ақ қояйын, ия?) Гейша не көрсетіп жатыр, ааааа? Қатар-қатар, қаз-қатар Розкабай біреуді боқтап тұр ішінен Оппа на! Екеуі ұсталды Сяяяяніііім, Айкоша әдееееем боп жүрді Анар аумай қалыпты) Аттікінің басын жіберген бәрі. АКҮ шайқап жатыр Суреттің сәнін бұзу деген осееее Екеуі өтірік болса да, досьасқандай болған сияқты еді… Крик, Шайтан сияқты жақсы еместер тортты ұрлап жепті, кейіннен біліп жатырмыз ғо Тортты тығып жеген топ қорабын жыртып, арттарын тазалап кетіпті Гаста келіп, ойын ойналып жатқан сәт Ортада Гастекең Ойын ойнап, далаға қайта-қайта кіріп-шығып (), бәрінің ағынан жарылған әңгімесінен кейін, ішек-сілемізді қатырған Жалғастың қорытынды сөзінен кейін үйге қайтатындар қайтып, шаршағандар екінші қабатқа шығып ұйықтады. Таң атып, сағат 9-дан өте үйді-үйдімізге тарастық. Екінші қабат демекші, екінші қабаттағы 4 жатын бөлмеге сыймағандар да болды. Олар түн ішінде қайтып кетті. Ал қулыққа басып, алдын ала бөлмені бөліп алғандар таң атқанша ұйықтады Компромат болмасын деп, атын өшіріп тастадым P.S. Достар, бәріңді жақсы көрем!!!
Авторы:
aikarakoz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту