Шімкет - Шымкет - Шымкент
Кеше республикалық бір арнадан Шымкент-шоу қарадық. Бұл арна экранның сол жақ бұрышына қазір эфирде не болып жатқанын жазып отырады екен. Көзім түсіп кетті «ШІМКЕТ» деген сөзге. Фотоға түсіріп алдым да Фейсбукке жібере қойдым.
Кішкенеден кейін «түзетілді», «ШЫМКЕТ» болып. Мұны да түсіріп алып, Фейске жібере қойдым.
Көп ұзамай «ШЫМКЕНТ» болып түзетілді.
Адам болғасын болды ғой асығыстан қате кетіп қалады. Бірақ, 1 сөздің өзінен және танымал сөзден 2 қате жіберудің не екенін түсіне алмадым. Жазып отырған адам дебилоид па әлде қазақ тілін білмейтін біреу ме білмедім. Мұндай қателіктерді жіберу тілімізге немқұрайдылық, мазақ қылу деп түсінемін.
