Ескі архив · 02.10.2012 17:02

«Кузей Гюней» - 31-арнада жаңа сериал

«31 арнада» 8 қазаннан бастап маусымның үздік тұсаукесері «Кузей Гюней» телетоптамасы басталады. Бұл фильм Азия мен Европаның көптеген елдерінде зор табысқа жеткен. Фильмде қазақстандық телекөрермендерге бұрыннан таныс, түрік телехикаяларының алып жұлдыздары Кыванч Татлытуг пен Бурга Гюльсай қатысқан. Ағайындылардың қарым-қатынасы туралы көп сериялы эпопеядағы тамаша актерлердің жұлдызды тобы отандық көрермендерді таңдандырады! Телетоптаманың басты кейіпкерлері, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын Кузей мен Гюней атты ағайындылар. Кузей — бастауыш сыныптардан кейін мектепті тастап кеткен, өз ауданында тентек, шатақ мінезді жігіт ретінде танымал. Өте сабырсыз, басына түскен қиындықтарды жұдырықтың көмегімен шешуге үйренген, сондықтан да жиі жағымсыз жағдайларға тап болады. Бала кезінен үлкен ағасымен бақталасып өскен. Ата- анасының айтуымен, Гюнейдің жасаған қылмысын мойнына алып, біраз уақыт абақтыда отырып шығады. Гюней — Кузейдің толық қарама-қарсысы. Інісіне қарағанда шыдамды, алдына қойған мақсаттарына үнемі жетеді. Жанұяда бірінші бала болғандықтан, ата-анасының махаббаттары оған ерекше. Болашаққа деген жоспары зор, сүйіктісі- Джемреге үйленгісі келеді. Джемре — өте кеудемсоқ қыз. Анасымен бірге ағайындылар тұратын ауданға көшіп келді. Ол ағайындылардың екеуіне де ұнап қалады. Алайда, Джемре өзіне келешегінен үміті бар Гюнейді таңдады, ал оның жүрегі басқаны іздейді. Ағайындылардың махаббаттарынан не шығады? Бір-біріне деген сенімді сақтай ала ма? «31 арнада» қазан айында! http://31.kz/kz/projects/serials/kuzei_gunei/news/document41917.phtml P.S Декреттегі vebred ханымды жоқтатпай 31-арнадағы жаңа сериалды жарнамалап жатырмын. Қазақстан арналарындағы түрік сериалдарын қарай бермеймін, көбісі нашар сериалдар. Ал мына сериал шынымен жақсы, сценарийі қызық, актерларды да жақсы таңдаған. Қарап көріңдер. Фотолар:
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту