Ескі архив · 03.10.2012 11:48

Алматыда «СЫРЫМДЫ АЙТТЫМ, ДАЛАҒА» атты жыр кеші өтеді

Дарынды ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері, «Жас қазақ үні» газеті жетекшісі Қазыбек Исаның Ердің жасы – елуге толған мерейтойына байланысты өтетін «СЫРЫМДЫ АЙТТЫМ, ДАЛАҒА» атты Жыр кеші өтеді. Кешке белгілі қаламгер-қайраткерлермен бірге Ж.Жексенұлы, А.Мейірбеков, Ж.Сейдолла, Айгүл Иманбаева, Нұр-Мұқасан тобы және т.б. өнер жұлдыздары қатысады. Кеш Алматыда 2012 жылы 4 қазан күні сағат 18.00-де Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда (Төле би- Ш. Қалдаяқов кк..) болады. Келем деушілерге есік ашық. Кеш теледидарға түсіріледі.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту