Автонарықтағы тығырық: Не істеу керек?
Кедендік Одақ қалай іске қосылды, шетелдік машиналарды елге әкелу қиындап кетті. Кедендік баж салығы бірнеше есеге артып, көлік әкелудің мәні қалмады. Есесіне Ресейдің «унитаздары» көптеп келе бастады. Әрине, ВАЗ-дың соңғы «Гранта», «Приоралары» сапасы жағынан біршама жақсы дегенді айтады таксиші қауым. Тіпті биылдан бастап автоматты беріліс қорабы бар «Гранталар» сатылымға шығады деп жатыр. Бірақ олар туралы анекдоттық стереотип бәрібір сақталып қалды, оның үстіне зауыттан келетін ақаулар да аз емес екен. Сондықтан, қазақстандық автосүйерлер бәрібір ескі де болса «шетелдікке» мінгенді жөн көреді.
Шекара жабылды, шетелден «сібежи» машиналар сиреді. Сұраныс азайғасын, шетелдік көліктердің жергілікті сервистері де қымбаттады. Бұл жағдай қалалықтарға ауыр тиді. Үлкен қалалардың қоғамдық көліктерінің жағдайы белгілі, сондайда «автобустан гөрі, дөңгелегі бар қоқыс жәшігі болса да жаман емес» деген ой келеді екен.
Таңертеңгі және кешкі кептелістер әбден жүйкені жұқартады. Мұндайда әрине көлігіңнің АКПП болғаны өте ыңғайлы. Бұған дейін 1,5 жыл «механика» мінген "қалалық" ретінде айтайын: Осы кезеңде сцеплениемді 4-5 рет күйдіртіп алдым, бәрі де пробка кезінде орын алды. Осындайда «автоматшыларға» қызыға қарап, машинаңды итеріп (сүйретіп) кете барасың
Сонымен, менің айтқым келгені 2 мәселе:
1. Шетелдік көліктер қымбаттады, қосалқы бөлшек сататын ресми дүкендері азайды; Сәйкесінше, көліктердің жаңаруы жоқ. Ел ішіндегі иномаркалар 3-4 жылда тоза бастайды.
2. Ресейлік көліктерге ешкім мінгісі келмейді. Біріншіден, бағасына сапасы сай емес. Екіншіден, қалалықтар көбіне автоматты беріліс қорабын қалайды. («ВАЗ» өнімдерінде әзірге АКПП жоқ)
Қазақстандықтар біртүрлі ситуацияға тап болған сияқты? «Екі оттың ортасында» дейтін ба бұндай жағдайды… Не істеу керек? Оны келесі постымда жалғастырайын.
P.S. Жоғарыдағы шолуым менің жеке пікірім (болжамым) болып есептеледі. Автонарықтағы пайымдауым қате де болуы мүмкін. Сондықтан, пікірммен келіспейтіндер ой бөлісе отырыңдар.
Сурет көздері: www.odk.kz; www.m-inf.ru
