Ескі архив · 05.10.2012 18:12

Көлікті әсемдеудің жаңа түрі

Түскі асқа жұмыс көлігімен келе жатсам, бір мәшиненің артына кәдімгі ақ қағаз жабыстырып ШЕРКЕШ деп жазып қойыпты. Содан ойладым, енді бізге руларымызды көлікке жабыстыру қалды деп. Біздің халық бөлінетін бөлімнің бәріне бөлініп болды енді. Өткенде тойда көкем айтады: «Осыгүні орыстілді, қазақтілді, мұсылман, кришнаид, иегова куәгері, ауылдың, жаңа қазақ дегендер бар»,-деп. Шынымен де… Ойланып қалдым… Жаңаөзен оқиғасы болып жатқанда Батыс Қазақстан бөлек автономия болғысы келеді деген сыбыс шықты. Оны естігенде мен құлап қала жаздадым. Негізі біздің елге «бөліп ал да билей бер» деген саясат та керек емес сияқты. Өзімізден өзіміз, қарап отырып бөліне беретініміз бар. Негізі көліктің нөмірінен қандай облыстан екеніңді білуге болады ғой онсыз да. Атыраулық нөмірмен жүрген көліктерден аулақ жүреміз ))))))))))) Ал Алматыда Шымқалалық нөмірлермен жүретіндерді жақтырмай ма қалай?
Авторы:
bizbike

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту