Ескі архив · 05.10.2012 13:00

Өмірдегі ең үлкен ұстазым...

..25-жыл мұғалім болды. Мамамды айтам… Шәкірттердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі, әлі де тәрбиелеу үстінде. 90-шы жылдардағы 2,5 мыңдық айлықтың өзін бірнеше айлап алмай жүрді. Бірақ оқытты. Жарық жоқ болды. Шырақ жағып қоятын мектепте… Жылу жоқ болатын. Қолғаппен ұстайтын борды… Ең бастысы — інім екеумізді тәрбиеледі. Бізбен мақтанатын… бірақ, өзінің осындай қылып тәрбиелегенін ойына да алмайтын… Бір жерлерге барасың… Барған адамың бетіңе қарап тұрып: -Сен Раушан апайдың баласы емессің ба?,-дейді… Тірлігің тез бітеді Мақтаныш кернейді бойыңды… Ұрсады… бірақ еркелеткендей естіледі… Кей кезде тыңдамай кетеміз… еркелік қой… Жасы біразға барды… бірақ оқушыларынан, бізден қуат алатындай… Өмірдегі ең үлкен ұстазымызды құттықтауды ұмытпайық!
Авторы:
Daniar-Alan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту