Ескі архив · 06.10.2012 18:46

Клип түсіру қанша тұрады?!

Мұзарттың «Күзгі бағы», Жігіттердің «Кешір менісі», Қайртаттың «Ауырмайды жүрегі» қанша теңгеге түсірілді екен?! Білмеймін, ал мынау видеоны Саян Дияшев деген оператор братым тегін жасап бере салды))) «Дауысыңа хошым келеді, ән айтшы» деп қоймайтын. Бір күні офисте болған бір флэшмобтан соң, «домбыраң бар екен, бір-екі ән айт, видеоға жазайық, ю тюбқа салып қой» деді… «Сырласу» біткен соң, студияға кірдік те, үш ән жазып тастадық))) ФБ дағы Нәзира Сұлтанбек деген досымның айтуынша «Бұл Азамат Азаматұлының алғашқы клипі» көрінеді) Қанша шықты? Айттым ғой, тегін) Тыңдаңыздар, мархабат! Әуесқой орындау ғой, сөге жамандамаңыздаршы)
Авторы:
aza

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту