Ескі архив · 10.10.2012 14:29

Made in Aulbay! Жаңажолдың стадионы

Мынау не деп ойлап қалып жүрмеңдер. Бұл: made in Auilbay продукшын! СҚО, Жамбыл ауданы Жаңажол ауылының азаматтарының конструкциясы. Яғни көрерменге арналған орындық қой мынадай: Осыны көріп разы болдым. Маладцы бастары істеген! Қарапайым, қолда бар заттардан құрастырып алған. Шығынсыз деуге болат. Ана ақ бетон тіреуіштері КСРО-дан қалған баздардың аркасы. Әкессс, «коммунизм құрдымға кетіп, оның орынына корруписттер келген кезде» колхоздың төрт түлігі талан-таражға түсіп, мал шаруашылығы мәңірап қалды. Баздардағы, дойкалардағы істейтін құралдар өз иесін тапты, ал қалған темірлері, сымдары 10-20 жылдан кейін килосы 1 теңгемен сатылып кетті, кірпіштері де шашылып жатып, барлығы бар коммунизм дәуірі бастарынан өтіп қарындары аша бастағанда айтеуір халық жинап алып кетті. Менің ауылымда 5-6 баз бар. Әлі тұр қаңырап. Ал мыналардың жоқтан бар жасап, стадион тұрғызып алғандарына рыспектен басқа айтарым жоқ. Ауыл спорты осылай дамиды) Нәтиже жоқ емес: осы ауылдан шыққан спортсмен таныстарым бар. Ауыл жжет!
Авторы:
FaraOn1

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту