Усама Бен Ладеннің өмір қағидалары
Интернетті кезіп жүріп, www.esquire.ru сайтына жолықтым. Біраз дүние бар екен. Ең ұнағаны, әйгілі тұлғалардың өмірлік қағидалары деген бөлім болды, аздап аударып өздеріңмен бөлісбекшімін.
Сонымен, бүгінгісі Усама бен Ладеннің телевизиялық сұхбаттары мен мәлімдемелерінен алынған қанатты сөздері. Сонымен…
Мен жаратушының алдында үздіксіз жауапкершіліктегі қорғансыз құлымын.
Мен 1982 жылы Америка Израильге Ливанға басып кіруге рұқсат еткенде алғаш рет ойландым. Қан, жұлынған мүшелер, ерлері мен әкелерін жоғалтқан әйелдер мен балалар, олардың үйіне аяусыз ештеңені талғамастан түсіп жатқан ракеталар әлі есімде. Бұл қолтырауын мен айғайлауға ғана шамасы бар сәбидің бетпе-бет кездесуі секілді болды. Қолтырауын қарудан басқа дәйектерді қабылдады ма?
Біз сіздермен өзіміз азат болғасын, әрі біздің азаттығымызға біреудің тартып алуына төзбегендіктен соғысамыз. Сіздер біздің ертеңгі күнге деген сенімімізді бұздыңыздар, біз сіздердің сенімдеріңіздің күлін ұшырамыз. Дәл осылай, сіздердің бізді өлтіргеніңіз секілді біз де сіздерді өлтіреміз.
Буш бізді азаттықты жек көреді деп айтады. Олай болса, мына сұраққа жауап берсінші: неге біз мысалға Швецияға шабуыл жасамаймыз?
АҚШ-тың құлы болудан бас тартқан аз ғана мемлекет бар. Олар: Қытай, Иран, Ливия, Куба, Сирия және Ресей. 11 қыркүйектегі оқиғаның артында кім тұрса да, оның америка халқының досы емес екендігі анық.
Біздің насихат – біздің үнсіздігіміз. Жоққа шығару, түсіндіру, айтылғанды нақтылау – уақытты теке кетіру.
Американдықтардың менің басым үшін үлкен сыйлық тағайындағаны мені қорқытпайды. Біз, мұсылмандар, біздің жер бетіндегі өміріміз шешулі деп пайымдаймыз. Тіпті бүкіл әлем мені уақытынан бұрын өлтіргісі келсе де оны істей алмайды.
Біздің жігіттер америкалық солдаттардың моральдық деңгейінің төмендігін көріп, қайран қалды, және жуық арад америкалық солдаттардың қағаз қуыршақ екендіктерін сезінді.
Менің болашаққа жоспарым? Сіз ол туралы жаңалықтардан көріп, ести аласыз.
Сіздің қауіпсіздіктеріңіз Буштың немесе «Аль-Каиданың» қолында емес. Қауіпсіздік сіздің өз қолдарыңызда. Біздің қауіпсіздік мәселелерімізге аралспайтын әр мемлекет автоматты түрде өз қауіпсіздіктеріне сенімді бола алады.
Террор – бүгінгі күннің ең қорқынышты қаруы және батыстық бұқаралық ақпарат құралдары бұл үрейді өз халқына қарсы ең ұятсыз түрде қолдануда.
Менің парызым – мұсылмандарды ояту екенін айтуым қажет.
Неге америкалықтардың алып келген күйзелістері мен ойрандары – азаттық пен демократия, ал, оған қарсы тұру – терроризм мен фанаттық түрдегі шыдамсыздық?
Егер барынша нақтылап айтсақ, бұл соғыс діни-экономикалық сипатқа ие.
Ирактағы соғыс гиганттық корпорацияларға: қару шығарушыларға, елді қалпына келтірумен айналысатындарға — Halliburton мен оның еншілес компанияларын меңзеп отырмын, миллиондаған доллар табуға мүмкіндік береді. Бұл соғыстың отын өршітіп, адамдарды қырғынға итермелеуге кімнің мүдделі екендігі айқын көрініп тұр. Олар, соғыстан пайда табатын көпестер.
Қазіргі соғыстарда мораль қалған жоқ. Адамзаттың құлдырау мен қанаушылықтың ең төменгі сатысына түскені айқын.
Мен, азап шегуші болып өліп, жұмаққа барып, Жаратушымен кездесуге үміттеніп соғысамын.
Біз өлімді жақсы көреміз. АҚШ өмірді жақсы көреді. Біздің арамыздағы бар айырмашылық осы.
Дереккөз
