Ескі архив · 16.10.2012 00:00

"Шал". Қазақ киносы өсті

Бір секундқа да қалғытпайтын фильмдерді жақсы көремін. Егер ұйықтап кетіп, кез келген жерден оянып, не болғанын түсіне беретін болсаң – кино емес. Ал әр секунды ажырамас бөлік болса – кино. Кезінде тап-тамаша фильмді «Келін» деп атағаны үшін Ермек Тұрсыновты жек көріп едім. Оның режиссурасы мықты. Ұлтжандылық жетпейді. Ал «Шал» үшін алғыс айтамын. Бір-ақ сөз «Гармония»! Ұнады: 1. Қасқыр (Құртқа) 2. Ерболат Тоғұзақов (Шал) 3. Сценарий (мәтін) 4. Операторлық жұмыс 5. Музыка 6. Футболист қойлар «Тырнақ астынан тапқан кір» 1. Шайтанбек: Даланы тұман басты Иісбек (ЖАБЫҚ ТҰРҒАН ТЕРЕЗЕГЕ ҚАРАП): Еее… 2. Шайтанбектің даусы жүйкемді жұқартты 3. Қай ауылда телевидениеге жарнама беріп, іздеу салу бар? (Дикторына қарағанда 80-жылдардағы телевидение) 4. «Хамер» ішіндегілер қалай апатқа ұшырағаны мүлде түсініксіз 5. Із кесе алмайтын неғылған ТЖМ??? 6. Орликтен бас, жүген, құйрықтан өзге ештеңе қалдырмаған қасқырлар қойды шала-пұла жеген… 7. Шайтанбек сайға түсіп, шалды сүйретіп, атқа отырғызып, қырға шыққанша ТМЖ-ң асығып кетіп бара жатқан көліктері әлі сол жерде кетіп бара жатты. 8. Қасқырдың бөлтірігі КӨКТЕМДЕ дүниеге келеді, ЖАЗДА бауырын көтеріп жүреді.
Авторы:
Peliko

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту